«Жыр жүйрігі – Мұқағали» » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жыр жүйрігі – Мұқағали»
16
февраль
2021

«Жыр жүйрігі – Мұқағали»

Қазақтың поэзия әлемінде артына өшпестей із қалдырған, жүрек қылын шертер өлеңдерін ұрпағына аманаттап кеткен ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Жыр жүйрігі – Мұқағали» атты қашықтықтан байқау ұйымдастырылды. М.Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау, ақынның шығармалары арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, жас таланттарды тануды мақсат еткен байқау үш бағытта өтті. «Туады, туады әлі нағыз ақын» ақынға арнау (9, 11-сыныптар) аталымы бойынша қатысушылар өз шығармашылығынан ақынға жыр жауһарларын арнады. «Алауыртқан таңдардан, қарауытқан таулардан» поэзия іздеп, қаламға жақын жыр ақтаңгерінің ізін жалғады. «Поэзия, сен менімен егіз бе едің?!» (мәнерлеп оқу) аталымы бойынша қатысушылар поэзия мұзбалағының қастерлі мұрасын нақышына келтіре оқыды. «Кейде күлімдеген, кейде түңілген жанның» дауысын, жүрек соғысын жеткізе білді. «Аққудың қанатына жазылған жыр» (сурет көрмесі) аталымы М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арнап сурет салды. «Өмірді жырлау үшін келген» ақынның портретін салып,  жыр жолдарымен үндескен жұмыстарын жолдады. Байқауға белсене қатысқан оқушылар мен оларға жетекшілік еткен мұғалімдерге алғыс білдіреміз!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив