13
сентябрь
2021
“Jas Sunqar” оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының төрағалығына үміткерлер дебат өтті.
“Jas Sunqar” оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының төрағалығына үміткерлер дебат өтті.
Өз бағдарламаларын көпшілік алдында мәлімдеп, өзекті мәселелерді талқылайтын дебат жұмысына #20OrtaMektep директорының Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары С. Аскербекова, З. Қызыр, Б. Қашқынбай төрағалық етті.
Жалпы дебат 2 раундтан тұрады. Дебат барысында үміткерлер өз бағдарламасымен таныстырды, өзекті мәселелер мен ұсыныстары бойынша пікір алмасты, сұрақ-жауап форматында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Әр кезеңнің өз регламенті, форматы бар.
“Жалпы үміткерлердің жоғары деңгейде дайындалғаны байқалады. Бүгінгі дебат өте қызықты әрі тартысты өтті” , - деді #20OrtaMektep директорының Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Аскербекова.
Сайлауға мектебіміздің 11 “А” сынып оқушысы Жұмабек Рамазан, 11 “Г” сыныбының оқушысы Амангелді Мерей бақтарын сынауда.
Ендігі кезекте, 15 қыркүйек күні мектеп оқушылары өз таңдауларын жасайтын болады.
