22
сентябрь
2021
Jas Sunqar ұйымы көшбасшылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы көшбасшыларымен еркін форматта кездесті.
Еліміздің үздік оқу орындарындағы өзін-өзі басқару жүйелерінің озық тәжірибелерімен танысу біздің негізгі алғышартымыз. Бұл үрдіс - өзара ынтымақтастыққа негізделіп, оқушыларымыздың бәсекеге қабілетті болуына зор ықпал етеді.
Ерекше атмосферада өткен кездесуде еліміздің ең үлкен, ғылым мен білім орталығына айналған университеттің қоғамдық өміріндегі атқарылып жатқан мега жобалар жөнінде ақпарат алмасылды. Әріптестік негізінде ағымдағы жылы атқарылуы тиіс жобалар талқыланды.
Алдағы уақытта жаңа кеңістік іргесін бірге қалаймыз!
“Сұңқар” - Jas Sunqar біз бағындыратын биіктер әлі алда!
