Мектеп бітіру сценарийі » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп бітіру сценарийі
17
июнь
2017

Мектеп бітіру сценарийі

№20 орта мектеп

Мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиынның сценарийі

Фанфар ойналады

1 жүргізуші:

   Сіздердің тамашалағандарыңыз, Республикалық байқаулардың жеңімпаз бишілері 10 сынып қыздарының «Қамажай!»биі.

 

2-жүргізуші:

   Қайырлы кеш, Қадірменді қонақтар мен ұстаздар! Қымбатты ата-аналар!

1-жүргізуші:

  Құрметті ұстаздар және аяулы мектеп бітіруші түлектер!
  Бүгінгі мектеп бітірушілер құрметіне арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясына негізделген, «Мектеп бітіру кеші-2017» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! (бірге)

 

1-жүргізуші:

Шыңдалып ата-баба рухымен,

Біз бүгін егеменді ел, әлем білген.

Қазақтың бір баласы ой тастап тұр,

Жаһанның мәртебелі мінберінен.

 

2-жүргізуші:

Жаңғырып өмір сәні келер күнмен,

Бір күнім мүлде жаңа бір күнімнен.

Еліңнің болашағын айт десе егер,

Дер едім- Болашағы –зерделі өрен.

 

1-жүргізуші:

Бүгінгі күн – түлектер үшін қайталанбас, маңызды да мәнді, тебіреніске толы күн! «Өмір күнделігіне» өшпестей етіп жазылатын ерекше күн!

 

2-жүргізуші:

Иә, биыл Қазақстандықтар үшін ерекше жыл, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл толуы, мерейлі мерекеге ұласқан жыл!

Сондай-ақ бұл жылы мектебіміздің 26-шы түлектері өмір белесіне қадам басқалы тұр. Ендеше, бүгінгі түлектеріміздің мерекесіне тағы да қош келдіңіздер!

  

1-жүргізуші:

Құрметті мектеп бітіруші түлектер, Қазақстанның көркеюіне, гүлденуіне үлес қосатын сендерсіңдер. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, Гимннін асқақтататын, Егеменді еліміздің ертеңі мен болашағысыздар! Ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениетін өрістететін Мәңгілік елдің азаматтарысыздар!

 

2-жүргізуші:

Бүгінгі салтанатты жиынымызға қатысып отырған қонақтармен таныс болыңыздар:

 

1-жүргізуші:

1. Құткелдиева Мейрамгүл Бекбатыровна-Білім бөлімінің әдіскері

2.Мейрманов Ерлан -Ащыбұлақ ауылдық округ әкімінің орынбасарының міндетін атқарушысы

3.Шанышқұл Мақсұт-Ащыбұлақ ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы

4.Бейсенбаев Жұмабек-Іле ауданының құрметті азаматы

5.Сүлейманқұлов Санат-Жергілікті қоғамдастықтың төрағасы

6.Пазылбеков Ж-Ардагерлер кеңесінің мүшесі

 

2-жүргізуші:

Алтын ұя мектебі №20 орта мектеп табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп, ортаға шақырайық!

 

 

1-жүргізуші:

Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Гүлжазира апай сізге ерекше көп алғыс,
Әрдайым шын қөңілмен құшақ жая қарсы алған- деген бітіруші түлектеріңіз арнаған өлең шумағымен ортаға 11 А сынып жетекшісі Аудандық «Үздік информатика пәнінің мұғалімі» жеңімпазы, еңбек өтілі 19 жыл, бірінші санатты физика және информатика пәнінің мұғалімі Абдраимова Гүлжазира Айтбайқызын түлектерімен қарсы алыңыздар!!!


2-жүргізуші:
Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп,

Ғалия апай сіздей қайда бар адам?!-деген бітіруші сыныбыныз арнаған өлең шумағымен ортаға 11 ә сыныбын бастап келе жаткан Аудандық «Үздік жаратылыстану пәнінің мұғалімі-2017» байқауының 2 орын жеңімпазы, мектеп тренирі, бірінші санатты химия пәнінің мұғалімі Қойбағарова Ғалия Тұрмағамбетқызын түлектерімен қарсы алыңыздар!!


1-жүргізуші:
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ - даңқын асырды бар әлеммен.
"Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Анар апайға әрқашан арнаймыз жақсы өлең! -деген бітіруші сыныбыныз арнаған өлең шумағымен ортаға 11 б сыныбын бастап келе жаткан, бітіруші түлектерімен ағылшын тілі пәнінің екінші санатты мұғалімі, аудандық ғылыми –тәжірбиелік конференциясының дарынды оқушыларын үздік дайындаушы,ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жандозова Анар Алуакасовна қарсы алыңыздар!!!

1-жүргізуші:

Ұстаз-болу жүректің батырлдығы

Ұстаз болу сезімнің ақылдығы

Ұстаз болу мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның ақылдығы-деген бітіруші сыныбыныз арнаған өлең шумағымен ортаға 11 В сыныбын бастап келе жаткан, 29 жыл еңбек өтілі бар, жоғарғы санатты, Аудандық олимпиадаларының мақтау қағазының иегері бітіруші түлектерімен орыс тілі пәні мұғалімі, Байбусинова Сәуле Жанахметовнаны қарсы алыңыздар!!!

 

 

2-жүргізуші:

 

Тарихы терең қазақ деген көне елде
Ел белгі де ерлік, өрлік, өнерде,
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады дегенге?!

 

2-жүргізуші: Мазмұнына өрнегі жарасқан, Тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін!

 

1-Жүргізуші:

Мектеп, түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде жиынға енгізілсін. Мемлекеттік туға тіктел!

Ту ұстаушылар:

1.Облыстық еркін күрестен 2 орын иегері, 10 Ә сынып оқушысы Таңжарық Мейірбек

2.Аудандық бокстан 3 орын иегері 10 сынып Байгабулов Нұрсұлтан

3. Аудандық еркін күрестен 3 орын иегері Сейілхан Ғалымжан

(ГИМН орындалады)

2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар адам өмірінде «Жұлдызды сәттер болады». Бүгінгі күн де оқушылар үшін сондай бір белес, әрі жұлдыздары жанған күн деп білеміз!

  

1-Жүргізуші:

Ортаға өз білімдерімен, тәрбиесімен, қоғамдық жұмыстарға белсене қатыса жүріп, мектебіміздің, ауданымыздың абыройының асқақтауына үлес қосқан жас түлектерімізді ортаға шақырып, мәртебесін асқақтататын күн деп санаймыз!

 

2-жүргізуші:

Шаттық пен жүрек жарды ән салыңдар,

Жеңісіне ұстаздың тамсаныңдар,

Тәлім алып, білімге сусындаған,

Мектебімнің жұлдыздарын қарсы алындар!

 

1-Жүргізуші:

Аудандық биология пәндік олимпиадаларының жүлдегері, «Алтын белгі» иегері 11 ә сынып оқушысы Тлеубергенова Жанар Уралбайқызы

1-Жүргізуші:

Аудандық пәндік олимпиадаларының жүлдегері, «Алтын белгі» иегері 11 в сынып оқушысы Шәріпханова Айдана Ғалымжанқызы

1-жүргізуші:

Аудандық химия пәні бойынша олимпиадасының 2 орын диплом иегері, мектебіміздің қыздар арасындағы волейбол құрамасының үздік капитаны,«Үздік аттестат» иегері 11 А сынып оқушысы Тоқсейіт Нүргүл Берікбекқызы

2-жүргізуші:

Аудандық қазақ тілі пәні бойынша пән олимпиадасының 2 орын иегері «Үздік аттестат» иегері 11 А сынып оқушысы Рейімкулова Ақбота Жанабайқызы

 

1-жүргізуші:

Аудандық Кіші Ғылыми Академиясының химия пәні бойынша ғылыми-тәжірбиелік конференциясында жеткен жетістігі үшін 1 дәрежелі диплом иегері «Үздік аттестат» иегері 11 А сынып оқушысы Сиылхан Ақмарал Ықыласқызы

2-жүргізуші:

Аудандық Кіші Ғылм академиясынан химия пәнінен 2 орын иегері, Қаза әдебиеті пәнінен Дарын байқауынан 2 орын иегері «Үздік аттестат» иегері 11 Б сынып оқушысы Даулетхан Нұрзада Ақпарқызы

1-жүргізуші:

Аудандық Кіші ғылыми академиясының орыс тілі пәнінің 2 орын иегері, «Үздік аттестат» иегері В сынып оқушысы Зауырбекова Дана Манатбекқызы

 

 2-жүргізуші:

Құрметті мектеп бітіруші, мектебіміздің абыройын асқақтатқан бітіруші түлектер! Сiздердiң де бақытты жарқын өмiрге аяқ басқандарыңызға бiз қуаныштымыз. Алда басталар өмiрдiң саналы жолы ешкiмдi адастырмасын. Сiздер жердегi жұлдыз болсаңыздар, аспандағы жұлдыздарыңыз өздерiңiзге серiк болып, алысқа жетелесiн!

 

1-жүргізуші:

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға арнап «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, Қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өздерің екендеріңді ұмытпа» деген еді.

 

 1-жүргізуші:

Иә, Біздің ендігі мақсатымыз, ұлттық идеямыз, мықты мелекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Білімді де білікті, озық ойлы жастар арқылы әлемдегі өркениетті 30 елдің қатарына еніп, « Мәңгілік ел» болу.

 

1-Жүргізуші:

 

Мәңгілік ел –
Құрыштай беріктігім,
Отанымсың, өзіңмен көріктімін.
Мәңгіліктің іргесін мығым еткен,
Азаттығым жаныма серік бүгін.

  

2-жүргізуші:

Естіледі жаһанға жаңғырығым,
Елмен бірге әрқашан мәнді жырым.
Еркіндігім – Ерлігім, Елдігімсің,
Тәуелсіздік дегенім – МӘҢГІЛІГІМ!

 

 2-жүргізуші:

 

Салтаннатты жиынымыздың құттықтау сөзі мектеп директоры Керимкулова Аяулым Жақашбайқызына беріледі.

 

 1-жүргізуші: Келесі құттықтау сөз

1. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Құткелдиева Мейрамгүл Бекбатыровнаға беріледі.

2. Мейрманов Ерлан -Ащыбұлақ ауылдық округ әкімінің орынбасарының міндетін атқарушысы

3. Шанышқұл Мақсұт-Ащыбұлақ ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы

4. Бейсенбаев Жұмабек-Іле ауданының құрметті азаматы

5. Сүлейманқұлов Санат-Жергілікті қоғамдастықтың төрағасы

6. Пазылбеков Ж-Ардагерлер кеңесінің мүшесі

 

 2-Жүргізуші:

Құттықтау сөз құрметіне және мектеп бітіруші түлектер және құрметті қонақтар құрметіне ортада Республикалық байқаулардың жеңімпазы, мектебіміздің мақтанышы Бисенов Рахманның «Дүр қамшы» әнімен.

 

1-жүргізуші:

Құрметті қауым!Келесі кезекте Түлектерге сәтті қадам тілеп, «Алтын белгі» иегері мен ерекше үлгідегі үздік аттестат иелеріне тапсыру және орта мектеп бітіру аттестатын тапсыру рәсімін, мақтау қағаздарын тапсыруды бастаймыз!

 

 2-жүргізуші:

 

Алтын белгі иегеріне, «Алтын белгі» төс белгісін, орта білім туралы ерекше үлгідегі үздік аттестатын және мақтау қағазын тапсыру құрметі мектеп директоры Керимкулова Аяулым Жақашбайқызына беріледі.

 

1-жүргізуші:

11 ә сынып оқушысы «Алтын белгі» иегері Тлеубергенова Жанар Уралбайқызына

 

Алтын белгі иегері атандың,

Ұлағатты ұстаздардан бата алдың,

20 мектебінің мәртебесін көтеріп,

Өмір қилы белеске,қадам бастың,

Құтты болсын, жарқын болсын! Жанар сапарың!

 

1-Жүргізуші:

11 в сынып оқушысы Шәріпханова Айдана Ғалымжанқызына

Ертеңіне ол сенеді,

Елі үшін еңбек етеді,

«Алтын белгі» төс белгісін тағуға

Айдана қызымыз келеді.

Белеске жет әрдайым!

Құтты болсын Айдана сенің сапарың!

 

1-Жүргізуші: «Алтын белгі» иегерлерін құттықтаймыз!!!

 

2-жүргізуші:

Келесі марапаттау мен орта білім туралы ерекше үлгідегі «Үздік аттестат» иегерлеріне тапсыру құрметі кешіміздің қонағы Аудандық білім бөлімінің әдіскері Құткелдиева Мейрамгүл Бекбатыровнаға беріледі.

  

1-Жүргізуші:

«Үздік аттестат» иегері 11 А сынып оқушысы Тоқсейіт Нұргүл Берікбекқызына

Нұргүл қызымыз дарынды

Білімнің шыққан шыңына

Ақтарған ойдың асылын

Жұлдыз болып жарқыра

Ғылымды іздеп үңіліп.

Өмірге сапар бастадың

Жолың болсын әрқашан

Қадамыңа гүл шашқан.

 

«Үздік аттестат» иегері 11 А сынып оқушысы Рейімкулова Ақбота Жанабайқызына

Бал балауса балалық өткенімен,

Қанат қағар, самғар сәт жеткенімен.

Арайлап атқан таңдай, Ақбота қыз

Алға басар, тек нық сенімменен!

 

«Үздік аттестат» иегері 11 А сынып оқушысы Сейілхан Ақмарал Ықыласқызына

Отбасының мақтанышы,

Биік шыңға өмірде бар таласы,

Ұғымтал, зерек, үлгілі

Түзу оның өмірге- көзқарасы

Нұрлы үміт арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп

Ақмарал қызды шақырайық ортаға!

 

 2-жүргізуші: «Үздік аттестат» иегері 11 Б сынып оқушысы Дәулетхан Нұрзада Ақпарқызына

Ақылы сай келеді тұлғасына,

Көп қасиет дарыған бір басына

Биіктерден көреміз оны талай

Нұрзада қыз келеді ортамызға

Елі оған сенеді,

Биік шыңға ол жетеді.

  

2-жүргізуші: «Үздік аттестат» иегері 11 В сынып оқушысы Зауырбекова Дана Манатбекқызы

Жарқыраған жұлдыздай

Жағадағы құндыздай.

Дана біздің ақ жүректі,

Кім танымас бұл қызды-ай,

Күлімсіреп жүреді.

Бар білімді біледі

Мейірім тұнған көздері

Жақсылық оның -тек тілегі.

 

1-Жүргізуші

Сөз кезегі бүгінгі күні өз білімдерін дәлелдеп, өз еңбегін де, ұстаз еңбегін де ақтап отырған, «Алтын белгі» иегерлері Тлеубергенова ЖанарУралбайқызы және «Үздік аттестат» иегерлері атынан Зауырбекова Дана Манатбекқызына беріледі.

 

2-жүргізуші:

«Алтын белгі» иегеріне және орта білім туралы ерекше үлгідегі «Үздік аттестат» иегерлердің құрметіне Республикалық байқаулардың Гран-При иегері Қуатбаева Ақеркенің «Халқым-ай!» әні

  

3-жүргізуші:

Мектеп бітіруші түлектерге Орта білім туралы аттестатын тапсыру құрметі Мейрманов Ерлан -Ащыбұлақ ауылдық округ әкімінің орынбасарының міндетін атқарушысына беріледі.

 

1.Абилова Айгерімге

 

Жайдарлы жаны жайсаң,

Мінезі жібек дейін ширатылған.

Күлкісі нұр жүзіне ақ беретін,

Керімғой, керім десе Айкерімім.

 

2.Ақбергенов Нұрланға

Ашық мінез ақ думан жүрген жері,

Шуақ шашып әр жерге нұр береді.

Құрбыларын қарық қып той думанда,

Нұрлан деген сері жігіт, міне келеді!

 

3.Ақботаев Арманға

Қияқ қас, байсалды жан,қара торы

Әр іске асықпайтын маңғаз осы

Байыппен аңдап барып сөз бастайтын

Арманымда сері жігіт еш саспайтын

 

4.Арепбаев Мейіржанға

Ашық мінез,әрқашан сымбатты жан

Құрбысымен сырласып сыр сақтаған

Мейіржан ептеп қана жымиғанда

Мейірім төгілгендей айналаға

 

5.Бейсенбаева Гүлдерайға

Гүлдерай гүлдей жайнап құлпырған қыз

Қызғалдақтай қызарып бүр жарған қыз

Гүлдерай сыңғырлата сөйлеп кетсе

Сүйсіне тыңдаймыз сізбенен біз.

 

6.Давлетбаев Жәнібекке

Ер тұлғалы қасқыр мінез

Тіл табысып әркіммен жүретін тез

Жәнібектей ұлдарға мың рахмет

Үлкендерді жүретін құрметтеп

 

7.Дүйсенбаев Еламанға

Спорт оның серігі бар арманы

Сайыстардан жүлдемен оралады

Сабырлыда байсалды ерекше жан

Еламандай ерлерді қолда- ғалам

 

8.Жанибек Гүлдинаға

Ашық мінез оймақ ауыз

Жүрегі кең, ақжарқан тамаша қыз

Басқан жері гүлдейтін Гүлдинаның

Арман қуып, ол алысқа самғайтын қыз

 

9.Жумабаев Рүстем

Асықпайтын әрқашан сарбаз жігіт

Ғылымменен білімге басты бұрып

Арманы самғап ұшу көк аспанда

Рүстем ол, қол созады көктегі қырандарға

  

10.Кенжебаева Нұржамалға

Томаға тұйық жаны тұнық

Орынын тауып сөйлер түйіп түйіп

Нұржамалдың ерекше қасиеті

Артық ауыз сөзі жоқ сыпайылық

 

1-Жүргізуші:

Мектеп бітіруші түлектерге Орта білім туралы аттестатын тапсыру құрметі Шанышқұл Мақсұт-Ащыбұлақ ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманына беріледі.

11.Көпбай Сымбатқа

Сұңғақ бойлы сұлу қыз сымбат деген

Сұлулығын ешкіммен бөліспеген

11 жылды аяқтап азамат боп

Ұстаз болу алдағы бар арманы

 

12.Масалимов Бекжанға

Орыс мінез шорғақтау қазақшаға

Араласқан арман мен ғарыштарға

Қырын сырын аңғарып болашақтың

Бекжан біздің құмар жан зерттелмеген ғылымдарға

 

13.Нүкетаева Айкерімге

Күлкісі жан жағына шуақ шашқан

Үндесіп әдебиетпен қуатттанған

Айгерім дала жырын жақсы ұғады

Өлең мен әрбір сөзін өрнек қылған

 

14.Нұрболат Жансаяға

Ерекше жаратылған сұлу мүсін

Бір мін жоқ тал бойында тамсандырған

Жансаядай арудың арманы көп

Болашағы болса екен баянды тек

 

15-Орманова Айгерімге

Көргенде тамсанасың Айгерімді

Төгіп тұрған қашанда мейірімді

Қыз болса болсын деймін Айгерімдей

Қашан көрсең жайқалған қызыл гүлдей

  

16.Тілеков Нұрбекке

Ақ көңіл қара торы аңқаулау жан

Достарынан ешқашан көмегін аямаған

Нұрбекте азаматтың азаматы

Инжинерлік мамандығын таңдап алған

 

17.Ұзақбаев Нұрболатқа

Еркесі сыныбының Нұрболатым

Жүрген жері қашанда жыр болатын

Арман қуып алысқа атттанасың

Тіледім Нұрболатқа ақ жол болсың сапарың!

 

18.Хамбар Даниалға

Күй шертіп домбырамен күмбірлете

Ұйытқан дүйім жұртты күй керуенге

Серік етіп қазақтың қара домбырасын

Данил талай қырды бағындырсын

 

19.Құнанбай Жансаяға

Қашан да жаны құмар сұлулыққа

Қиғали қас күлім көз оймақ ауыз

Сан алуан жауап тауып сұрақтарға

Жансая сары бөлек жаңа қауыз

 

20.Естай Бақытжанға

Бақытжан бала мінез ақжол жансың

Ақжолдықпен кей кейде жан басарсың

Мақсат қойып алдыңа аттанарда

Бақ берсін, тек алдыңнан бет бұрған жалғыз

 

1-жүргізуші: Мектеп бітіруші түлектерге Орта білім туралы аттестатын тапсыру құрметі Бейсенбаев Жұмабек-Іле ауданының құрметті азаматына беріледі.

 

21. Абдыгонжанова Фариза

 

Фариза қыз! Дарасың!

Бізді қимай барасың!

Мақтан етсін өзіңді,

Әкең менен анашың!

Қылығыңмен сүйкімді

Шуақ шашқан баласың!

Ару болдың ұстамды,

Тұғырыңды табасың

 

22. Арзыкулов Ислам

Ислам жігіт арманменен қанаттандың

Үлкен өмір жолына бар аттанғын.

Біз жүрейік сендерді мақтаныш қып,

Көзбен көріп бәйшешек гүл ашқанын!

 

23. Ахметов Өмірбай

Өмірбай бар ұстаз елжіреді,

Достарына беделді, кең жүрегі.

Он бір жылда оғаштық көрсетпеген,

«Қыз мінезді»Өмірбай деп жүреді.

Бойы таза, ұнамсыз қылықтардан

Аулақ жүрер «асфалтьтық бұзықтардан»

Бекзаттықты сіңіріп тұлғасына

«Бекзат қазақ» болуды ұғып қалған.

Сәт-сапар тілейміз Өмірбайға

Жол ашсын деп бойдағы қабілетке!

 

24. Айтымбетова Дәулетхан

Даулетхан деген ат қандай

Жарқырап таң атқандай.

Ата – анаға Даулетхан қыз

Шуақ шашып жатқандай!

 

25.Әуелбек Нұржан

Асқан сайын өмір - жолдың өткелін,

Жастық шағың – сағындырар көктемің

Нұржанға тілекші боп тұрады,

Осындағы алтын ұя мектебің!

 

26.Әшім Ғайниға

Сүйріктей сұлу өз басың,

Қызыр болсын жолдасың.

Сәтті болсын сапарың,

Райымбек бабаң қолдасын.

Арманға барар жолыңда,

Қанаттарың талмасын

 

27.Әбдірахпан Еламан

Шақырып дала, қалаға

Сан тарау алда тұр өмір.

Талғаммен таңдап жолыңды,

Еламан сен, адал жүре біл!

 

28. Әлімқұл Данаға

Жанары әркез қырағы,

Жақсылықта тұрағы.

Дана қыздың болмысы

Мейірімнен тұрады

Айналаңды лезде,

Жібереді сая қып,

Анасына сол үшін

Алғыс айтып коялық

 

 

29. Бегайдар Бақдәулетке

Талантты, дарынды, зерек,

Ел-жұртқа паналар терек.

Болады біздің Бақдәулет!

Қазаққа осындай

Батыр тұлғалы ұл керек!

Ұстаным,намыс қашанда,

Атойлар аттың жалында.

Қалыс қалар, басқалар

Бегайдар Бақдәулетжанында.

  

30. Жұмаділ Елжан

Биік қойған бәрінен ар-ожданды,

Спорт болды басынан таңдағаны,

Қазақты танытатын бар әлемге

Бұл Жұмаділ Елжан болғысы келеді

Қазақтың Қажымұқаны

 

1-Жүргізуші:

Мектеп бітіруші түлектерге Орта білім туралы аттестатын тапсыру құрметі Сүлейманқұлов Санат-Жергілікті қоғамдастықтың төрағасына беріледі.

 

31. Жаненов Ерболға

Ардақтаймыз , Ерболды

Сабырлы да салмақты,

Төресіне кәсіптің,

Салады ол қармақты!

 

32. Жарылқасимов Нұрғазы

Жүргенменен үндемей,

Ынталылық құралы.

Азаматтық келбеті,

Сүйсіндіріп тұрады.

Шын азамат шығады!

Жарылқасимов Нұрғазы

 

33.Жексембек Әлішер

Сені жақсы көреді,

Ұстаздар да, достар да!

Жарасады заңгерлік

Сендей білгір жастарға.

Сені сұлу арманың

Көтереді аспанға!

Жолың болсын өмірде,

Қиындықтан жасқанба!

 

34. Жүсіпбай Мейірбек

Адал, шыншыл жанары

Деп берейік бағаны,

Елін сүйген ұланның

Құтты болсын қадамы

Сегіз қырлы, бір сырлы

Жігіт сендей болады!

35. Ерік Шуақ

Нәзік әрі сезімтал,

Кетпейді еш есіңнен,

Ата – анаңа мың алғыс

Сендей қызды өсірген!

 

36. Кулматова Жібек

Сендей болсын қыз деген,

Өз бақытын іздеген.

Мақсатына жетеді,

Үміттерін үзбеген!

37.Қайрат Тілек

Тест тапсыру оңай ма,

Өмір – күрес, абайла!

Супер жігіт, бұл Тілек

Болсын өз маман иесі қалайда!

38.Құрмашева Тоғжан

Арайлы болсын жан – жағың

Мерейлерді тасытып,

Ел көгіне самғағын.

Қуанышқа бөленсін

Ата – ана ардағың!

Тоғжан, саған тек ақ жол!

 

39. Мадримова Рима

Қанатын қағар жыл жылдам,

Келеді міне Рима қыз.

Аумай бір тұрсың жұлдыздан,

Қарайды жұртың таңырқап!

 

40. Майранбаев Сұлтанбек

Артта қалып балғын шағы, ертегі

Сұлтанбектің басталып тұр ертеңі.

Алып шығар ашық, үлкен теңізге

«Арман» атты ақ кеменің желкені!

  

2-жүргізуші: Мектеп бітіруші түлектерге Орта білім туралы аттестатын тапсыру құрметі оқу ісі жөніндегі орынбасары Еримбетова Маут Жұмабековнаға беріледі.

  

41.Нұржан Айкерім

Дәрігер маман таңдаған

Ізгілер жолын жалғаған

Айкерім атты бір ару

Биікке қанат самғаған

42.Оралбаева Сандуғаш

Ақылды да, білімді,

Есейгенің білінді.

Құтты болсын Сандуғаш

Аттестатың бүгінгі.

Ата – анаңды қуантып,

Бағындырғын шыңыңды!

  

43.Оразбекова Сандуғаш

Ақылың сай көркіңе,

Тұла бойың жарасым!

Қайраттансаң өмірден

Өз орныңды табасың,

Гүлнұр қыз, құштар білімге

Мектепті қимай барасың.

 

44. Өтеген Абзал

 

Мінез қандай, әр қандай,

Жігіт емес, әр қандай.

Қадам бассын өмірге,

Әрбір шәкірт Абзалдай !

 

45.Сатыбалдиев Абылай

Қалың қасы, қара шашы,төгілген

Аузын ашса, ақ жүрегі көрінген.

Біздің Нурислам көрікті де көңілді,

Болашаққа қадам басқан сеніммен.

 

46. Сапарәліқызы Ұлтуар

Мамандықтың сан-саласы

Қызықтырды Ұлтуарды

Ұлтуарға жол тілейміз

Ең бақытты, ең нұрлы!

 

47.Тоқтасын Ақылбек

Сабырлы ғой сабырлы Ақылбек біздің,

Жүзі нұрлы жүрегі бар жалынды.

Баршаға шуағын төккен күндей ол

Жақындатып әкететін сағымды

 

48.Нұрман Байжігіт

Еш уақыт дос-жаранын ренжітпеген,

Көңілін бар құрдастың таба білген.

Күн күлкісі күлімдеп, Байжігіт

Әр жүрекке нұр шуағын төге білген

 

2-жүргізуші:

Мектеп бітіруші түлектерге Орта білім туралы аттестатын тапсыру құрметі оқу әдістеме жөніндегі орынбасары Алмабекова Гүлмира Қадірбековнаға беріледі.

49. Ахлайсбек Шыңдос

Азамат болып Шыңдос

Алысқа ұшып барады.

Мәртебесін, мерейін

Өсірер жолды табады.

Менің ұлым мынау дер

Кескінді де келбетті

Тектілік жинап бойына

Шыңдос жігіт ер жетті.

 

 50.Айымбетов Исламбек

 

Сонау Абай, Мұхтардай нар тұлғасы ,

Шығыстың Падишасындай бар сұлбасы,

Ақылына көркі сай, қайсар ұлды,

Мақтан етер қазағымның бар даласы.

 

 

51.Байсерикова Әсем

 

Жайқаласың гүлімдей,

Күлімдейсің күнімдей.

Әсем біздің сыныпта

Қыз Жібектің түріндей

Мейірім бар түріңде

Құштар қыз бол білімге,

Әр сөзіңде өнеге,

Әрқашанда күлімде.

 

52. Бисенов Рахманға

 

Бұлбұл еді гүл бағында сайраған

Әсем әнмен тамылжиды айналан

Жас жұлдызы 20-шы мектептің

Жезтаңдай әнші Бисенов Рахман

 

53. Бектұрғанова Гүлжанар

 

Үндемейтін Гүлжанар қыз

Үлкен жетістікке жететін еді.

Бүгінгі жеткен жетістігіңмен,

Құттықтаймыз жеңісіңменен.

 

54. Дакен Серік

 

Атыңнан айналайын Серік деген,

Батырғали қайсарлығың ғажап дер ем.

Сақтадың ер мінезді, сағың сынбай,

Жүрексіну, қорқынышты еш білмеген.

 

55. Дөңесбай Алмат

Кішіпейіл, дара да дарқан біздің Алмат

Жақсы менен жаманды ажыратқан,

Қарапайым, кең пейіл мінезіменен,

Сыныбыңда өзіңсің таң боп атқан.

56.Ерсаинов Ерлан

Биіктей берсін өркенің,

Қыран қанат талмасын.

Қоңыр үні- Ерланның,

Асқақтап көкте самғасын.

 

57. Жұмақадыр Жазира

 

Мөлдіреген көзінде от жанары,

Сыңғырлаған күлкіден бал тамады.

Айддана, сүйкімдісі мектебімнің

Белестерден, биік бол жоғары

 

58.Жақыпбек Нурила

Білімге сен талпынсаң,

Кезігерсің қоймаға.

Қадам бастың өмірге

Жолың болсын,Нурила жан

 

1-Жүргізуші:

Мектеп бітіруші түлектерге Орта білім туралы аттестатын тапсыру құрметі оқу әдістеме жөніндегі орынбасары Алмабекова Гүлмира Қадірбековнаға беріледі.

  

59. Зекенова Сәуле

 

Әлия мен Мәншүктей қайсар мінез,

Зерделі, алғыр, талапты ол қағілез.

Мадина қыз қиындыққа бас ұрмаған,

Алда келер асудан ол сүрінбес

 

60. Қаналбек Зерде

Тал шыбықтай бұралған, кербез ару,

Айнура – ай қабақты, мінезі сұлу,

Ақылымен баршаны тамсандырған,

Халқыңа бола білші, шипа- дәру.

 

61. Назар Нұрлан

Ұқыптылық және де жинақылық

Сенің бейнең таза ой, мида тұнық,

Жымиасың әдемі күлімдейсің,

Аспан менен жер қалса да қиратылып,

Баптағайсың өзіңді сақтағайсың,

Ата-ана үмітін ақтағайсың.

 

62. Нишонова Жұмаш

Мінезімен талапшыл,

Шырқ үйірген, сыныпты,

Жұмаш сенің еңбегін,

Жай күндері кім білген,

Дәл осы қалпыңда,

Еңбек етші, халқыңа.

63.Нұғман Динара

Тереңінде өмірдің,

Еркелетті өз елің,

Ортасында достардың,

Биіктегін, беделің,

Назерке қыз әдемі,

Таңдағаны Спорт әлемі,

Қиындықтың барлығын

Біздің Назерке жеңеді.

 

64.Орынғажы Мейіржан

Бұлақтай мөлдір, сәбидей аңқау,

Ұлдардың саны өмірде қаншау?

Жүрегі таза- сәбидей бала

Бар болса бір ұл, ол-Мейіржандай ғана!

 

65. Оралбекұлы Бек

 

Бекті сен білесің

Оны мақтап жүресің

Сабақтан ол қалмайды

Қанаты еш талмайды

Ініге қамқор болады,

Көптің көңілі толады

  

66. Пашарова Айсұлу

Көңілді де ажарлы Айсұлу қыз,

Сондықтан да сыйлаймыз сыныпта біз.

Күш жігерді жинап ап тағы бір сәт,

Армандаған өзіңнің оқуыңа түс!

 

67.Рамазанова Айжан

Бал балалық балауса өткенімен,

Қанат қағар самғар сәт жеткенімен,

Арайлап атқан күн нұрындай,

Айжан қыз алға басты, нық сеніммен

  

68.Сериков Сырымға

Жігерлі әрі салмақты

Зейінді әрі жан-жақты.

Мақтаныш ете берейік

Сериков Сырымды

 

69. Талғатұлы Ыбырайға

 

Жігітке арман жеткізіп па еді,

Өз сорын өзі жеңбесе.

Өмірдің барлық сәтсіздіктері

Бақытсыздық емес, ендеше!

«Жігіттің сұлтаны»-біздің Ыбырай

Нағыз қазақ қой, қарашы.

Жұлдызың жанады өмірде,

«Анар апайдың сүйікті баласы!»

 

70. Унгарова Роза

Ұзын бойлы, әдемі, ұнасымды,

Гауһардай асыл тас – шын асылды,

Жақсы оқитын, иманды мінезбенен,

Биіктерге жаза бер құла шыңды.

  

71.Халықов Ахмет

Кеше ғана ұстап едің әліппені сен қолға,

Енді міне аттанбақсың үлкен өмір жолына.

Ахмет жете берші ақсақ-асқақ арманға,

Әрқашанда жолың болып, ақ күн тусын алдыңа!

 

72. Қалбаев Ильхамбек

Бәрі де бар сенің бойында,

Ақылды көңіл, парасат

Жігіттік бақыт жайында

Өкпең жоқ шығар тәңірге.

  

1-Жүргізуші Мектеп бітіруші түлектерге Орта білім туралы аттестатын тапсыру құрметі оқу әдістеме жөніндегі орынбасары Диқанбаева Жанат Дакеновнаға беріледі

 

73.Айдарбай Айдана

Жарасқан нәзік мінез, ажарыңа,

Араластың енді өмір базарына,

Өнегелі ортадан тәлім алдың,

Біз сенеміз жақсы маман боларыңа.

74. Алғашов Ахан

Отаның сипап маңдайдан

Аямас сенен жақсысың

Ізде тап қиыр шалғайдан

Еліңе қажет бақ құсың

75.Баймұқанқызы Диана

Үндемейді. Үлкен іс бітіреді,

Күн нұрындай сәулесін, түсіреді.

Әдептен аттамайды, қабағыңнан,

Көңіліңді айтқызбай түсінеді.

 

76.Байвазы Бақыт

Өмірден енді дәріс ал

Білім мен ойды қоса ұштап

Самғауға бала барыңды сал

Қанат болсын аттестат

77. Бекболатқызы Жұлдыз

Ақ көңіл жан кеңпейіл,

Жаны жайдар ашылған.

Жақсылықты ойлайды

Әркімге үнемі әрқашан

 

78.Бекболатқызы Құндыз

Бойынан ғажап оттарды,

Келесін шашып үнемі.

Кең пейіл сенің жүрегің

Періште қорша жүреді.

79. Жауықов Сәкен

Асқарға қолыңды созасың

Бәйгеге түсте бақ сына

Намызқа тиер озбаған

Қол соғады жұртың тек жақсыға

 

 

80.Дурдыклышова Гүлнара

Әр адамның үзілмейтін жыр әні,

Туған жері, туған ауыл- тұрағы

Мектебің де құрмет тұтар өзіңді
Гүлнара қыз, көкке өрлеген шынары

81. Жанғабаева Динара

Динара біздің жұлдыздай,

Әдемі қыз құндыздай.

Ата-анаң өсірді

Жел-бұршаққа ұрғызбай.

Жолың болсын өмірде

Қиындықтан жеңілме

Жұлдыз болып жарқыра

Туған елдің көгінде!

 

82.Қадірәлі Лиана

Кетесін бүгін ұядан,

Кетпейсін ойдан қиядан.

Біліп қой білім пайдасын

Керемет маман болуға

Жетекшін саған сенеді.

 

1-жүргізуші:Мектеп бітіруші түлектерге Орта білім туралы аттестатын тапсыру құрметі «Ең үздік шығармашыл ұстаз-2017» номинация иегері Қадірова Расимаға беріледі.

83. Қалмұхан Думан

Сегіз қырлы бір сырлы,

Жігіт деген осындай.

Медет деген есімі

Тірек болады әрқашан.

 

84.Қадырбекова Айым

 

Білімді басқа жастадың

Ғылымды іздеп үңіліп,

Өмірге сапар бастадың

Алдыңда күліп тұр үміт

 

85.Қаниев Қанат

 

Мектепті бүгін бітірдің

Сан қақтың қиял ғарышқа

Қанаты арман құсының

Апарсын сені алысқа

 

86.Каримбаев Рашид

Бізде бір бала,дара бар,

Әдемі оған жарасар.

Көңілдерін көтерер

Маңайындағы адамдар.

Оқуға түсіп кетсе екен

Арманына жетсе екен.

 

87.Қияс Ырыс

Міңезі бар жібектей,

Әдепті ол сақтайды.

Бақытты боп жүрсе екен

Мақсатына жетсе екен.

 

 88.Қияс Түгелғарт

Кешегі шәкір бала едің

Қарайсың бүгін жігіт боп,

Шарлаған арман әлемі

Шыңдарға шыңнан биікте

  

89.Көрегенова Ақмарал

Түсініп жөнмен жобаны

Ержеткен жансың жетелеп

Шыңдарда ғана болады

Қыранның салған мекені

 

90.Көптілеуов Қажымұқан

Айтқанды бұлжытпайды,

Орындайды әрқашан

Жайлы міңез, бір тоға

Кетпейді еш жүректен.

 

91.Мақсетбаева Жайна

 

Ерке қыз біздің Жайна,

Міңезінмен ерекше едің басқадан.

Оқуға түсіп қуанып

Жақсы маман боласын.

 

 

92.Назарханов Руслан

Дөңгелек жүзің ақ көңіл,

Досына адал жан өзің.

Оқуға түсіп кетесің

Мақсатына жетесің.

 

93.Оңалсын Айкерім

Айкерім біздің сәніміз,

Шырқап айтар әніміз.

Ұланы бол, елдің

Тілектеспіз бәріміз

 

94.Сабалақова Аяулым

 

Көп қыздардың әдемісін білемін,

Қызғалдақтай кұлпырады келбетің

Қымбат жастай болсаң өзін егер де

Атына сай жарқырайды гүл өңің

 

95.Сағынқұл Жұлдыз

Үлкендерді силайды,

Жамандыққа бармайды.

Бір кірпіш болып қаланып

Өмірде де өз орнын ол табады.

  

96.Чапай Сержан

Ғылым қуып, елге еңбек ет

Маман бол қажет біліті

Өресі биік екен деп

Мақтайды жампос жігітті

 

1-Жүргізуші:

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып

 

1-Жүргізуші:


11 жыл оқып, білімің түсті толыға

Аттестат алдың, мектеп деген ордада

Аттестат деген – азаматтық куәсі,

Аттестат деген - өмірге берген жолдама.

 

1-жүргізуші:

Құрметті түлектер қолдарыңызға алған аттестаттарыңыз құтты болып, жарқын болашаққа жол ашады деп білеміз және сенеміз!

 

2-жүргізуші:

Сіздердің құрметтеріңізге, Аманкелді Айгерімнің орындауында «Мектебім!» әні

1-жүргізуші:

Ұстаз - шәкіртіне өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім-тәрбиесін шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғам қайраткері, ойшыл тұлға. Ғұламаларымыз айтқандай «Жақсы мұғалім, жақсы шәкірт жасайды» деген емес пе?.

 

1-Жүргізуші:

Сырыңа көз тастаған

Ізгілікке бастаған

Білім беру жолында

Қиындықтан қашпаған

Алғысқа ел орады

Құшаққа гүл толады.

Ұстаздардың ішінде

Алғашқы ұстаз орны жоғары-дей келе,құттықтау сөз мектеп бітіруші түлектеріміздің ең алғашқы ұстаздары атынан бастауыш сынып мұғалімі беріледі.

 

2-жүргізуші:

Алғашқы ұстаздардың құрметіне: «До-ре-ми» 9 сынып ұлдарының биі

3-жүргізуші:

Жетекшi деген -ерекше тұлға , дара шың,
Ұмытылмастай көңiлде мәңгi қалатын.
Сарғайып кеткен альбомын алып қолына ,
Шәкiрттерiн оңаша еске алатын-деп толқып тұрған мектеп бітіруші түлектердің сынып жетекшілеріне құттықтау сөз Абраимова Гүлжазира беріледі.

 

1-Жүргізуші:

 

11 сынып жетекшілерінің және ұлағатты ұстаздардың құрметіне Қуатбаева Ақеркенің орындауында «Қуанышым!» әні

 

2-жүргізуші:

 

Жас түлектердің ата-аналарының атынан құттықтау сөз Бисенов Дәурен ағамызға сөз беріледі.

 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив