Тілді сүю-Отанды құрметтеу » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тілді сүю-Отанды құрметтеу
11
октябрь
2018

Тілді сүю-Отанды құрметтеу

«Тілді сүю-Отанды құрметтеу»

 

«Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»,-деп ұлы ағартушы А.Байтұрсынов атамыз айтқандай,бүгінгі таңда тілді құрметтеу-басты парызымыз.Қазақ тілі-бай тіл,шешен тіл шебер тіл. Өткір де оралымды тіл.Тілді құрметтеу-әрбір адамзаттың қоғам алдындағы азаматтық борышы.

Осы шұрайлы қазақ тілін жас ұрпақтың бойына ана сүтіндей дарыту ,әсіресе, тіл мамандарының мойнына артылған ауқымды жүк болып есептеледі. Осыған орай №20 орта мектеп мұғалімдерінің тіл апталығына орай қосқан өзіндік үлесі бар.

Алматы облысы Іле ауданы «№20 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінде 05-22 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тілді сүю-Отанды құрметтеу» атты тілдер апталығы өтті. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене қатысты.

5 қазан күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған директордың оқу-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Төлегенова.Н.Т. тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады.Бұдан ары қарай шараны қазақ, орыс, ағылшын тілдері пән бірлестіктері дайындаған оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды.

Ұстаздар қауымының басты міндеті-шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәні мұғалімі Б.Ауенай «Ана тілім-ар намысым, қазынам» атты шығармалар сайысын ұйымдастырса, «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты дөңгелек үстелді Г.Т.Оманова, А.Рахимбаева сынды ұстаздар өткізді. 5-7 сыныптар арасында «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» атты мәнерлеп оқу сайысын Ш.Аманқұлова, Г.Нуралиева, 8-сыныптар арасында «Туған тілім-бабам тілі, өз тілім» атты сыныптан тыс шараны Қ.Алдамжарова, «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты сыныптан тыс іс шараны Г.Құрманбаева сынды ұстаздар ұйымдастырды.Ары қарай, «Жасай бер,қазақ тілі-ана тілім!» атты онкүндіетің жабылуымен аяқталды.Іс-шараға әдістеме бірлестігінің мүшелері толықтай атсалысты. «Мен көп тілді білемін» атты интеллектуалды марафон өткізді. Орыс тілі ,ағылшын тілі пән бірлестіктері де тіл мерекесіне өз үлестерін қосты. Оқушылар тілге қызығушылықтарын білдіріп, зор ықыласпен іс-шара қызықты өткізілді.

Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы ағартушы А.Байтұрсыновтың «Тіл-адамзаттың қарым-қатынас құралы,жұмсайтын қаруының зоры»,- деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!

Тіл деген-ұлан асыр қазынамыз,

Бабалар тастап кетті жазып аңыз.

Жетпесек қадіріне ұлы тілдің,

Берілген несібеден қағыламыз.

Қазақтың қылдан өткір тілі қандай?

Майдалап,сөз сөйлесе шекер балдай.

Бабалар тастап кеткен аманатым,

Қастерлеп өтемін мен жаным қалмай.

 

Алматы облысы Іле ауданы №20 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ауенай Бақытгүл

Тілді сүю-Отанды құрметтеу