ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА!
ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА! Біліктілігі жоғары, беделі мықты, қоғамда құрметке бөленген ұстаздарсыз еліміздің кемел келешегін болжау қиын. Экономиканың, мәдениеттің, тіпті тұтастай қоғамның ілгері дамуы ұстаздар еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Ұстаз болу – жүректің таңдауы, жанның қалауы. Бұл жұмыс ерекше жанкештілік, зор шыдамдылық пен балаларға деген махаббатты талап етеді. Еліміздің бетке ұстар азаматтарын тәрбиелеп, жауапкершілігі мол және абыройлы міндетті атқарып жүрсіздер.