Іс-шаралар » Страница 13 » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жаңа жыл - әр бүлдіршіннің асыға күтетін жарқын сәті
28
декабрь
2021
Жаңа жыл - әр бүлдіршіннің асыға күтетін жарқын сәті
 Жаңа жыл - әр бүлдіршіннің асыға күтетін жарқын сәті. Әркез өз білім алушыларымызды қуантуға барымызды саламыз. Бұл үрдіс осы жылыда өз жалғасын тапты.  Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларымызға Аяз ата мен Ақшақар сыйлық үлестіріп, керемет көңіл-күй сыйлады.  “Мен үшін үлкен тосын сый болды. Қуаныштымын. Баршаңызды келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын”, дейді жас бүлдіршіндер.  Келе жатқан жаңа  жылдарыңызбен құттықтаймыз!  #АлматыОблысы
Математика пәні бірлестігінің онкүндігі
27
декабрь
2021
Математика пәні бірлестігінің онкүндігі
 Ағымдағы жылдың 13-23 желтоқсан аралығында математика әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өткізілді.  Біздің мақсат - білім алушылардың пәнді оқуға қызығушылығын арттыру, олардың жағымды эмоциясын тудыру, дербес қорытынды жасауға және жалпылауға негіздеу, күнделікті өмірде математика мәліметтерін қолдану немесе дәл ғылымдардың жұмбақ әлеміне кіре отырып, оқушылар ой-өрісі мен түсінігін байыту.   Апталық аясында бірқатар іс-шаралар өткзіліп, белсенді қатысқан ұстаздар алғысқа бөленді. 
Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен !
26
декабрь
2021
Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен !
 Жылды қорытындылайтын уақыт та жақындады. Сол сәтте, бір жылдағы сан түрлі оқиғаларды еске түсіре алмай әуре болатынымыз бар. Бірақ бұл күн сол сәтімен ерекше.   Мектебіміздің орталық фоесінде білім алушыларымызға жаңа жылдық көңіл күй сыйлау мақсатында шырша орнатылды.   Қазірде бұл жер - мектебіміздің ең көрнекті орнына айналды.   Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен !  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
Тәуелсіздік - тәу етер, қасиет киеміз!
15
декабрь
2021
Тәуелсіздік - тәу етер, қасиет киеміз!
 Тәуелсіздік - тәу етер, қасиет киеміз! Бабалардан қалған ақ жолтай аманат. Ұлы Даланың ең ұлық мерекесінің 30 жылдығына орай салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Жиынға мектеп әкімшілігі, ұстаздар қатысты.  Білім жолындағы еңбегі еленген ұстаздар Іле аудандық білім бөлімінің басшысы мен мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды. Марапат иелерін шын жүректен құттықтап, ұлы қызметтеріне өрлеу тілейміз!   Ет жүрегі  елім деп соққан әрбір азаматты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30
Бірыңғай «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелігіне салтанатты қабылдау шарасы
13
декабрь
2021
Бірыңғай «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы
 Бірыңғай «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелігіне салтанатты қабылдау шарасы өтті. Іс-шараға мектеп директоры М. Б. Құткелдиева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары С. Аскербекова, Қ. Зуқа, Б. Қашқымбай ұйым қатарына жаңадан қабылданған оқушыларға көк галстук тақты.   Жаңа қабылданушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант беріп, рәсім жасады. Бұл
"Күз-2021"
12
декабрь
2021
"Күз-2021"
Білім алушыларымыздың білімі мен патриоттық тәрбиесі әрқашан назарымызда. Сол үшін біз әркез түрлі деңгейдегі шараларға қатысуға басымдық береміз.   78460 әскери бөлімінің жеке құрамының жас буын "Күз-2021" сарбаздарының әскери ант қабылдау салтанатты жиынына мектебіміздің "Жас сарбаз" кадет сыныбы тәжірибе жинақтауға барып,  әскери сарбаздардың атаулы күнінің куәсі болып,  өз көздерімен әскери өмірдің қандай болатынын көріп,  танысып,  әскери сарбаздарға өз өнерлерін де көрсетіп қанаттанып
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
11
декабрь
2021
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
 «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» , -дейді дана халқымыз. Әріптесіміз Сырым Нұркелдіұлыда әріптестерінің мақтанышы, өз кәсібінің шынайы иесі болатын. Саналы ғұмырындағы адал қызметімен мәңгі жадымызда қалады. «№20 орта мектеп» МКМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сырым Нұркелдіұлын еске алуға арналған Ащыбұлақ округтық «Волейбол» турнирі ұйымдастырылды.  Турнирге жалпы 9 команда қатысып бақтарын сынады.  Жүлделі орынға ие болғандарға, дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.  #АлматыОблысы
Тарих пәні бірлестігінің апталығы басталды
03
декабрь
2021
Тарих пәні бірлестігінің апталығы басталды
 Ұлы Даланың ең ұлық мерекесі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі қарсаңында “Тарих” пәні бірлестігінің “30 жыл, 30 асу, 30 белес” тақырыбы аясында апталық бастау алды.  Біздің мақсат -  білім алушыларымыздың  бойына бостандық, тәуелсіздік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіре отырып, Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.  Апталық аясында тарихқа сыр шертетін көптеген іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
Кәсіби бағдар жұмысы жүргізілді
03
декабрь
2021
Кәсіби бағдар жұмысы жүргізілді
Біз бітіруші түлектеріміздің болашақта нақты мамандық иелері болғанына ерекше көңіл аударамыз. Ол үшін нақты шараларды қабылдап, түрлі іс-шараларды ұйымдастырамыз.  Білім ордамызда Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Евразия технологиялық университеті мамандарымен бітіруші түлектерімізге кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.  Кездесу барысында аталмыш университеттер өздеріндегі білім беру бағдарламалары, мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпараттарымен
”Любимое время года “ тақырыбында ашық сабағы
26
ноябрь
2021
”Любимое время года “ тақырыбында ашық сабағы
Біз - өз білім алушыларымыздың ана тілімен бірге шет тілдерін жетік меңгеруіне айрықша көңіл аударамыз. Бұл үрдіс ұстаздарымыздың біліктілігі мен ізденісіне зор серпін береді.  ”Орыс тілі және әдебиеті” бірлесітігі апталығы аясында  “Ғ” сыныбы ”Любимое время года “ тақырыбында ашық сабағы өткізілді.  “Біз үшін өте қызықты өтті. Орыс тілінде тақырыпқа сай өз ойымызды жан-жақты жеткізуге тырыстық. Жыл мезгілдері жөнінде қызықты мәліметтер алдық. Сабақ бізге қатты ұнады” , - деді ашық сабаққа