Іс-шаралар » Страница 9 » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Біздің мақтаныштар!
26
февраль
2022
Біздің мақтаныштар!
Біз білім алушыларымыздың патриоттық тәрбиесіне басымдық береміз. Олардың болашақта әскери саланың үздігі болатындығына сенімдіміз.  Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған облыстық “Жас мерген” турнирінде Іле ауданының атынан 9 “Ә” кадет сыныбы қарумен үздік өнер көрсетті.  Біз олармен әркез мақтанамыз!  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМ ектеп
БӘРІ МЕКТЕП ҮШІН!
20
февраль
2022
БӘРІ МЕКТЕП ҮШІН!
 Бәрі мектеп үшін! “20Мектеп Парламенті” экология және еңбек фракциясының жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Сахиева Ж., аталмыш фракция көшбасшысы 10 В сынып оқушысы Құрбаш Б. кезекті  көктемге көшет дайындау науқанын бастады. Жоба арқылы мектеп ауласына жаңа гүлдер отырғызылу жоспарлануда.   Мектебіміздің ұстаздары мен білім алушыларының жүйелі жұмысы нәтижесінде, оқу ордамыздың жайлы атмосферасы қалыптасты. Барлық қабаттар мен оқу кабинеттері, фойе, мектеп ауласына гүлдер отырғызылып,
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19
февраль
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Бізді білім алушыларымыздың жетістіктері қуантады. Олардың білім мен спортқа деген қызығушылығының жоғары болғандығын қалаймыз. Өскемен қаласында жасөспірімдер арасында ГРЕПЛИНГнен (AIGA версиясы) өткен Республикалық кубогында 70 кг салмақ дәрежесінде, 10 Б сынып оқушысы Лесбек Бекнұр  орын иегері атанды. Білім алушымызды құттықтаймыз!
ОБЛЫСҚА ЖОЛДАМА
18
февраль
2022
ОБЛЫСҚА ЖОЛДАМА
Біз әріптестеріміздің жетістіктерін әркез мақтан етеміз. Бұл үрдіс өз жалғасын табады. “2022 жыл - Балалар жылы” аясында Іле ауданындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында өткен “ВОЛЕЙБОЛ” спорттық ойын жарысында @20ortamektep директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Аскербекова белсенді қатысып, Құрмет грамотасына ие болды. Командасы Бас жүлдеге ие болып, облыстық жарысқа жолдама алды! Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
18
февраль
2022
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Елін сүйген ер болар. Биыл кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толды.  Осы мақсатта білім алушылар ауған соғысы ардагерлерімен кездесті. Оқуышлар мен қонақтар жат жерде шейіт болғандарды еске алып, ардагерлерге құрмет көрсетті.  Кездесу соңында білім алушылар құрметке бөленген ардагерлерге алғыс білдірді.  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
ҮЗДІК ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ  - 2022
18
февраль
2022
ҮЗДІК ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ - 2022
Бізді ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігі қуантады. Әрбір жетістігі ерекше құрметке ие.   Аудандық “ҮЗДІК ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ - 2022” байқауында @20ortamektep Информатика пәнінің мұғалімі ЕСКЕРМЕС ЕРСҰЛТАН ТІЛЕКҰЛЫ өзіндік шығармашылығы мен жаңашыл идеясын әдістемелік және кәсіби шеберлігін танытып  орын иеленді.  Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
ПІКІРТАЛАС
17
февраль
2022
ПІКІРТАЛАС
Біз білім алушыларымыздың Отанына деген құрметінің жоғары болып, ұлттық құндылықтармен бірге, барлық ұлттарға құрметпен қарауын қалаймыз. Осы мақсатта әртүрлі шараларды ұйымдастырамыз.  9 “Б” сынып оқушыларымен “Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті” тақырыбында пікірталас өтті. Іс-шараға Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Қасенова, педагог ұйымдастырушы М. Бектеміс қатысып, тақырып аясында пікір алмасу жүргізді. Ұлтаралық қарым-қатынас туралы және толеранттылық ұғымы жөнінде
СҰҚБАТ ЖҮРГІЗІЛДІ
15
февраль
2022
СҰҚБАТ ЖҮРГІЗІЛДІ
Біз білім алушыларымыздың құқықтық сауаттылығының жоғары болуына ықпал етеміз. Сол үшін барлық деңгейдегі шараларды қолға аламыз.  2"б", 3"б", 4"б" сыныптарының қатысуымен “Құқық дегеніміз не?” тақырыбында сұқбаттасу жүргізілді.  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ  -  БАСТЫ  НАЗАРДА
15
февраль
2022
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА
Біз білім алушыларымыздың жол қауіпсіздігі ережелерін толық сақтауын басты назарға аламыз. Сол мақсатта әртүрлі іс-шараларды жүзеге асырамыз.  Мектебіміздегі кадет сыныбымен бірге жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мақсатында ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
14
февраль
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Біз ұстаздарымыздың жетістіктерімен мақтанамыз. Олардың кәсіби өрлеуін ерекше назарда ұстаймыз. “Үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі 2022” байқауында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сәдуақасова Жанна жүлделі 3-орын иегері атанды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!