Әкімшілік » Страница 9 » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Құттықтаймыз!
26
март
2022
Құттықтаймыз!
Біз әріптестеріміздің жетістіктерімен мақтанамыз. Олардың кәсіби қабілеттерін шыңдауы бізді қуантады.  Іле ауданының Құрметті азаматы, білім беру ісінің үздігі Чинаева Галина Евгеньевнаны еске алу аудандық спартакиадасында ҮСТЕЛ ТЕННИСІ аудандық жарысында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Амантұр Гүлім  иегері, ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ аудандық жарысында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мұхамеди Айжан  орын иегері атанды.  Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
Жолдау - 2022
24
март
2022
Жолдау - 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  2022 жылдың 16 наурызында ҚР Парламентінің палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасады. Президент  өз Жолдауында жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты. «Алдымызда Парламенттің рөлін күшейту міндеті тұр. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашады. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз», - деді Президент. Осы
Хабарландыру
24
март
2022
Хабарландыру
 Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау  1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.   Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлап отыр.    Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.   Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.   Барлық сұрақтар бойынша 87474910190 - Жанат Дакеновна - Бастауыш сынып бойынша Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні
15
март
2022
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні
 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні бабаларымыздың бағзы заманнан бері тойлап, бізге қалдырған аманаты, береке бірліктің, ізгіліктің жолы болсын деген тілеуі, жақсылық пен келісімнің, жаңа күннің символы.   Назараларыңызға Біздің мерекелік шаралар кестесін ұсынамыз!   Ұлыс оң болсын!  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
"Ашық есік" күніне шақырамыз!
15
март
2022
"Ашық есік" күніне шақырамыз!
Біз білім алушыларымыздың болашақта кәсіби маман иелері болуына басымдық береміз. Осы мақсатта түрлі бағыттағы шараларды қолға аламыз.   16 наурыз күні, білім 9-11 сынып білім алушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында  колледждермен кездесу өтетіндігін хабарлаймыз!  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
Ұлы Даланың ең нәзік мерекесімен!
07
март
2022
Ұлы Даланың ең нәзік мерекесімен!
 Құрметті ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен зор ықыласыммен құттықтаймын! Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілікке, мейірім мен шапағатқа бөлейді.  Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын нәзік жандыларға ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Сіздердің  қоғам өмірінде алатын орындарыңыз ерекше.  "Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деген нақыл сөз бекер айтылмаған.  Сіздердің жетістіктеріңіз
Мерекелік тарту
05
март
2022
Мерекелік тарту
 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай мектебіздің нәзік жандыларына арнап салтанатты мерекелік тарту концерті өтті.  Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні аяулы жандарымыз құрметке бөленді. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды.  Мектеп директоры М.Б. Құткелдиева нәзік жанды ұстаздарымызбен қызметкерлерін Іле аудандық Білім бөлімінің басшысы Л. Каткееваның
ОБЛЫСҚА ЖОЛДАМА
18
февраль
2022
ОБЛЫСҚА ЖОЛДАМА
Біз әріптестеріміздің жетістіктерін әркез мақтан етеміз. Бұл үрдіс өз жалғасын табады. “2022 жыл - Балалар жылы” аясында Іле ауданындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында өткен “ВОЛЕЙБОЛ” спорттық ойын жарысында @20ortamektep директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Аскербекова белсенді қатысып, Құрмет грамотасына ие болды. Командасы Бас жүлдеге ие болып, облыстық жарысқа жолдама алды! Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз
1,2,3,4,5 сынып оқушылары 📚 дәстүрлі форматта оқиды
14
январь
2022
1,2,3,4,5 сынып оқушылары 📚 дәстүрлі форматта оқиды
 1,2,3,4,5 сынып оқушылары  дәстүрлі форматта оқиды.  Алматы облысы Білім басқармасының Іле аудандық Білім бөлімінің басшысы Л. Каткееваның  2022 жылғы 15 қаңтардағы бұйрығына сәйкес жоғарыда көрсетілген сыныптар дәстүрлі форматта оқытылады.   6,7,8,9,10,11 сынып оқушылары қашықтықтан (онлайн) оқу форматында білім алады.  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ортамектеп