«Тәуелсіз елім Қазақстан» атты 2020-2021 оқу жылындағы бастауыш сыныптар ӘБ-нің онкүндігі
«Тәуелсіз елім Қазақстан» атты
2020-2021 оқу жылындағы бастауыш сыныптар ӘБ-нің онкүндігі
15.02.-25.02. 2021 аралығында өтетін «Бастауыш сынып ӘБ апталығының жоспары»
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім Қазақстан »
Мақсаты: Қашықтықтан оқыту кезінде оқыту үрдісі, әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы оның мазмұнының маңыздылығы.
Бастауыш сынып апталығына бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып мектеп директоры М.Б.Құткелдиева бекітті.
Апталық 4-сыныптар арасында «Тәуелсіз елім Қазақстан»тақырыбында өлеңдер оқу челленджімен бастама тапты. 4-сынып оқушылары тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, тәуелсіздікке байланысты өлең жолдарын мәнерлеп оқып берді. Апталықтың ашылуы қазіргі елімізде орын алған жағдайға байланысты қашықтықтан өтті. Апталықтың жоспарымен ӘБ жетекшісі Г.Ә.Ауғанбаева таныстырып өтті. Апталықтың ашылуы кезекші сыныпта оқитын оқушылардың тақырыпқа байланысты орындаған хорымен жалғасын тапты.

4-сынып оқушыларының «Тәуелсіз елім Қазақстан»тақырыбында челленджі
Онкүндіктің келесі күні ашық сабақтармен және математика күні болғандықтан 2-3-4-сыныптардың оқушылар арасындағы бақылау жұмысын жазу тапсырмасымен жалғасын тапты.
16-ақпанда 2-а сыныпта қазақ тілі пәнінен «Зат есім»тақырыбында ашық сабақ өтілді. Сынып жетекшісі Интикбаева Жанардың сабағы онлайн форматта өтті. Сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған. Сабақта жаңа ақпараттық технология негізінде әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақты онкүндіктің тақырыбымен байланыстыра білді.Оқушылар өздігінен берілген тапсырмаларды орындап отырды. Мұғалім мен оқушылар арасында кері байланыс үнемі жүргізіліп отырды.Сабақ өз мақсатына жетті.
2-4-сынып оқушыларының математикалық білімін деңгейін тексеру мақсатында бақылау жұмысы алынды.

Әділ-қазы мүшелері алынған бақылау жұмысын қорытып оқушыларға орындар берілді.
17-ақпан қазақ тілі күні
17-ақпан күні 1 сыныпта сауат ашу сабағы «Я дыбысы мен әрпі»тақырыбында ашық сабақ өтілді.
Сынып жетекшісі: Жиемұратова Камила.
Сабақтың мақсаты: Я дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, Я дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару. Балалардың тілдік, сөздік корына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту (буын, сөз құрау, жұмбақ шешу т.б.) Оқу іс-әректеті барысында еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Кеспе әріп, әріп таңбасы, текшелер, суреттер, слайдтарды көрнекілік ретінде пайдаланды. Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын әдіс-тәсілдерін қолданды. Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты. Мұғалімнің сабаққа дайындаған көрнекі құралдары эстетикалық талғамға сай болды. Мұғалім сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістеріне сүйене отырып жүргізді.
2 «Ж»сыныпта әдебиеттік оқу сабағы «Сақина» ертегісі тақырыбында ашық сабақ өтілді.
Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған. Сабақта жаңа ақпараттық технология негізінде әдіс-тәсілдер қолданылды.Балалар сабақ барысында өз ойларын еркін жеткізе білді. Мұғалім ертегінің негізгі ойын ашу мақсатында әртүрлі сұрақтар қоя отырып, ертегінің негізгі ойын балаларға түсінуге мүмкіндік жасады. Балалар ертегімен таныса отырып, өздері адамгершілік және еңбектену құндылықтарын түсіне білді. Сабақ өз мақсатына жетті.

3-сыныпта әдебиеттік оқу сабағы «Хан Абылай»тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сынып жетекшісі: Усманова Салтанат
Мұғалім сабақты қазақтың батырлары мен хандарын балаларға таныстыра отырып бастады. Балалар қойылған сұрақтарға дұрыс және тез жауап беру арқылы өздерінің білімдерін көрсете білді. Мұғалімнің Хан Абылай жайлы көрсетілген бейнежазбасы балаларға өте әсерлі болды. Балалар бейнежазбаны көре отырып көптеген мағлұматтар алды. Сабақ өз мақсатына жетті
3-сыныптар арасында тест тапсырмасы
4-сыныптар арасында «Кім білгір?»(талдау)
2-сыныптар арасында сауатты диктант жазу байқаулары өтті
Байқау қорытындылары бойынша оқушыларға орындар берілді.

18-ақпан әдебиеттік оқу күні
1-сыныпта сауат ашудан «Я дыбысы мен әрпі» тақырыбында Сұлтан Бану мен Рғайбайқызы Мира ашық сабақтар өтті. Я дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, Я дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару. Балалардың тілдік, сөздік корына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту (буын, сөз құрау, жұмбақ шешу т.б.) Оқу іс-әректеті барысында еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Кеспе әріп, әріп таңбасы, текшелер, суреттер, слайдтарды көрнекілік ретінде пайдаланды.
3-сыныпта қаза тілінен «Негізгі және туынды етістік»тақырыбында ашық сабақ өтілді.
Сынып жетекшісі: Сүйеуова Гүлмира
Сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған. Сабақта жаңа ақпараттық технология негізінде әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақ өз мақсатына жетті. Мұғалім мен баллалар арасында тығыз қарым-қатынас бары байқалып тұрды. Балалар берілген тапсырмаларды тиянақты және тез орындап отырды.

2-сыныпта қазақ тілі сабағынан «Зат есім»тақырыбында Бухаева Жамал мен Тайрова Жарқынай ашық сабақтар өтті. Оқушылар әртүрлі тапсырмалар орындай отырып сөз табы зат есіммен танысты. Сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып отырды. Сабақта тіл мәдениетіне, сөйлеу дағдыларына, тәрбиелік кезеңдеріне көңіл бөлінді.

«Менің сүйікті кітабым»тақырыбында 3-4-сыныптар арасында байқау өтті. Балалар өздерінің сүйіп оқитын кітаптары және оның мазмұны жайлы айтты.

19-ақпан дүниетану күні
1-сыныпта сауат ашудан «Ф дыбысы және әрпі»тақырыбында ашық сабақ өтілді. Сынып жетекшісі: Узбаева Балжан.
Сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған. Сабақ барысында балалар өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Мұғалім сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді орынды қолдана білді. Балалар ф дыбысы және әрпімен танысты. Буындардан сөздер құрап,дыбыстық талдау жасау арқылы сабақты толық түсінді. Сабақ өз мақсатына жетті.

1-сыныпта дүниетанудан «Ертедегі саяхат»тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып жетекшісі: Ереже Жұлдызай.
Сабақта балалар Қазақстан қалаларымен таныса отырып,ондағы ескерткіштерге саяхат жасады. Қойылған ескерткіштер жайлы мағлұмат алды. Сабақ өте жақсы өтті. Балалар сабаққа белсене қатыса алды.

1-сыныпта дүниетанудан «Глобусты калай колданады?» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып жетекшісі: Елібай Айгерім.
Сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған. Балалар глобуспен таныса отырып,ондағы құрлық пен су бар жердерді ажырата білді. Балалар сабаққа белсене қатысты. Мұғалім сабақ барысында баланың жас ерекшелігіне қарай әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді. Сабақ өз деңгейінде өтті.
2-сыныпта қазақ тілден «Зат есім» тақырыбында Айбекова Баян мен Мұқажанова Бақытгүл ашық сабақтар өтті. Сабақ өте жақсы деңгейде өтілді. Мұғалімдер әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып,балаларға сөз табы зат есіммен таныстырды. Балалар сабаққа белсене қатыса отырып,әртүрлі тапсырмаларды орындады. Сабақ өз мақсатына жетті.

3-сыныпта жаратылыстану сабағынан «Күн мен түн қалай ауысады?»тақырыбында ашық сабақ өттілді. Сынып жетекшісі: Ермекбаева Қарлығаш.
Сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай жоғары деңгейде құрылған. Мұғалім сабақ барысында әртүрлі платформаларды қолдана білді. Сабақта жаңа ақпараттық технология құралдарын көрнекті құрал ретінде қолданылды. Балалар қолданылған платформаларды еркін меңгеретіні байқалды. Балалар тапсырмаларды өз деңгейінде орындап отырды. Мұғалім мен оқушылар арасында тығыз қарым-қатынас бары байқалады. Сабақ өз мақсатына жетті.

1-4-сыныптар арасында «Тәуелсіз елім Қазақстан»тақырыбында көрме өтті.
22-ақпан жаратылыстану күні
3-сыныпта қазақ тілі сабағынан «Негізгі және туынды етістік»тақырыбында ашық сабақ өтілді. Сынып жетекшісі Исаева Аягөз
Мұғалімнің сабақ жоспары жас ерекшелігіне байланысты әдістемелік талап тұрғысына сай деңгейде құрылған.
Мұғалім сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдана отырып,сабақты қызықты,мазмұнды өткізуге тырысты. (сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру) Жаттығулар, қайталаулар арқылы теориялық білімдерін практикалық жолмен дәлелдеп бере алады. Оқушылар сабақта белсенді қатысып отырды. Сабақ өз мақсатына жетті.
2-сыныпта қазақ тілі сабағынан «Зат есім»тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып жетекшісі: Абишова Жарқынай. Сабақтың құрылымы дұрыс құрылған. Сабақ барысында мұғалім әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді. Балалар сабаққа белсене қатыса білді. Сабақ өз мақсатына жетті.
3-сыныпта қазақ тілі сабағынан «Болымды және болымсыз етістік тақырыбында»ашық сабақ өтілді. Сынып жетекшісі: Айболатова Роза
Мұғалімнің сабақ жоспары жас ерекшелігіне байланысты әдістемелік талап тұрғысына сай деңгейде құрылған. Балалар сабаққа белсене қатысты. Сабақ барысында мұғалім әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді. Сабақ өз мақсатына жетті.
23-ақпан Қадыр Мырза Әли өлеңдерін жатқа оқу күні

3-4-сыныптар арасында Қадыр Мырза Әлидің өлеңдерін жатқа оқу байқауы өтті. Өлеңді жатқа оқып орын алған балалар марапатталды.
1-сыныпта сауат ашу сабағынан «Ю дыбысы және әрпі»тақырыбында Тұрарова Райхан, Түймебаева Ұлаш ашық сабақтар өтті. Ю дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстырды. Балалардың тілдік, сөздік корына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту (буын, сөз құрау, жұмбақ шешу т.б.) Жазуға қолдарын жаттықтыру. Кеспе әріп, әріп таңбасы, текшелер, суреттер, слайдтарды көрнекілік ретінде тиімді пайдалана білді.
3-сыныпта әдебиеттік оқу сабағынан «Қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбаев»тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып жетешісі: Берсугурова Ғалия
Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талапқа сай құрылған. Сабақ барысында балалар қазақтың бас ақыны,жазушысы Абай Құнанбаев жайлы көп мәліметтер алды. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер тиімді болды. Сабақ өз мақсатына жетті.
24-ақпан Өнер күні
2-сыныпта қазақ тілі сабағынан «Жалқы есім және жалпы есім»тақырыбында Молдабаева Арайлым,Ашимова Гүлжан,Таубаева Сымбат ашық сабақтарын өтті. Сабаққа балалар өте белсенді қатысты. Мұғалімдер сабақ барысында оқушылардың жас ерекшелігіне сай әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып сабақты қызықты,мазмұнды өткізуге тырысты. (сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру) . Балалар мәтіннің ішінен жалқы есім мен жалпы есімдерді тауып ажырата білді. Оқу іс-әректеті барысында еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу көрініс тапты.

3-сыныпта әдебиеттік оқу сабағынан «Халық поэзиясының алыбы. Жәкем »тақырыбында ашық сабақ өттілді. Сынып жетекшісі: Мырзиярова Айгүл.
Мұғалімнің сабақ жоспары жас ерекшелігіне байланысты әдістемелік талап тұрғысына сай деңгейде құрылған. Тақырыпты ашу мақсатында видеоның көмегімен оқушыларға сыни тұрғыдан ойландыратын өз бетінше шешім шығаруға, өз ойын ортада еркін түрде білдіруге бағыт берді. Оқушылар қазақтың ақыны Жамбыл Жабаев жайлы танысты. Мәтіннің мазмұнымен таныса отырып автор жайлы көптеген мағлұматтар ойларына түйді. Сабақ өз мақсатына жетті.

4-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен «Күзгі құс керуені»тақырыбында ашық сабақ өтілді. Сынып жетекшісі: Бекмағанбетова Гүлмира.
Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талапқа сай құрылған. Мұғалім балаларға құстардың дауыстарын ажыратқыза отырып сабақтың тақырыбын аша білді. Балаларды тақырыптың авторымен таныстыра отырып,автордың басқада шығармаларына шолу жасады. Балалар шығарманы «Түртіп алу»әдісі арқылы оқыды. Шығармадағы жаңа сөздердің мағынасын өздіктерінен аша білді. Сабақ өз мақсатына жетті.
Мұғалімдер арасында «Екі жұлдыз»байқауы өтті. Байқау нәтижесі бойынша жеңіске жеткен жұптар марапатталды.

Оқушылар арасында «Мен әншімін»атты ән байқауы өтті. Байқау нәтижесі бойынша жеңіске жеткен балалар марапатталды.

Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
25 желтоқсан күні апталықтың жабылу салтанаты өтті. Апталықты жабу салтанатын бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Ауғанбаева Гүлжан жүргізді. Ол апталық кезінде өткен сайыстар бойынша жеңімпаз оқушыларды марапаттады және апталықты қорытындылады.