«Наурыз -жыл басы» атты кітап көрмесі
Мектеп кітапханасында «Наурыз -жыл басы» атты кітап көрмесі мен ақпараттық-танымдық сағат өткізілді. Біздің мақсат - Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызға байланыстырып насихаттау. Танымдық сағатта оқушыларға наурыздың шығу тарихы, жыл басы , жыл қайыру тәрізді ұлттық құндылықтар туралы ақпараттар айтылды, сонымен қатар арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қазақтың дарқан дастарханы мен ұлттық әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдары туралы әдебиеттер қойылды.