Біз туралы » Страница 7 » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Конституциясы күнімен құт­тық­таймын!
30
август
2022
Конституциясы күнімен құт­тық­таймын!
 Қымбатты отандастар! Баршаңызды Қазақстан Республика­сы­ның Конституциясы күнімен құт­тық­таймын!  Еліміздің Ата Заңы уақыт сынынан сү­рінбей өтіп, тарихи дамуымыздың жал­пыұлттық бағдарын айқындауда бас­ты мәнге ие болып отырғанын дәлел­деді. Ата заң елдігіміздің бе­рік іргетасын қалай отырып, ішкі сая­си тұрақтылықты қамтамасыз етуге жә­не Қа­зақ­стан қоғамын біріктіруге зор үлес қосты. Осы мерекеге орай барша қазақ­стан­дықтарға бейбіт өмір, игі бастамалар мен бақ-береке, игілік тілеймін!
N1 Педагогикалық кеңес
30
август
2022
N1 Педагогикалық кеңес
 ХАБАРЛАНДЫРУ  “Білімді ұлт: Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет” тақырыбында N1 Педагогикалық кеңесі өтеді. Кеңес жаңа 2022-2023 оқу жылының жалпы ұйымдастырылу шаралары жөнінде болады.  31 тамыз, 2022 жыл  10:00 Мәжіліс залы 
“Құрмет грамотасы” марапатына ие болды
26
август
2022
“Құрмет грамотасы” марапатына ие болды
Біз ұстаздарымыздың әркез кәсіби шеберлігінің жоғары болғандығына айрықша назар аударамыз. Олар шәкірттерімізге айрықша білімге деген ұмтылыс сыйлайды.  Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абдыжамалова Кульмира Кемалқызы жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арналған табысты еңбегі үшін Алматы облысы Білім басқармасының “Құрмет грамотасы” марапатына ие болды. Кульмира Кемалқызы өткен оқу жылында облыс деңгейінде ағылшын тілінен тікелей эфирде
“Білім сапасын арттыру - басты мақсат” форумы
25
август
2022
“Білім сапасын арттыру - басты мақсат” форумы
 ПАРАСАТ серіктес және тірек мектеп желілік қоғамдастығы, N19 тірек мектептің ұйымдастыруымен “Білім сапасын арттыру - басты мақсат” форумы өтті   Форум жұмысында мектебіміздің білікті ұстаздары  - бастауыш сынып мұғалімі Роза Бибитовна “Білім сапасын арттырудағы сынып жетекшінің рөлі” коучинг; - орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Расима Кабыкеновна “Интерактивные методы обучения с использованием электронного учебного пособия на уроках русского языка" тақырыбында тренинг;  - ағылшын тілі
Кадет сыныбына оқушыларды қабылдау басталды
25
август
2022
Кадет сыныбына оқушыларды қабылдау басталды
 Кадет сыныбына оқушыларды қабылдау басталды  Қазіргі таңда Қазақстанның Қарулы күштерінде кәсіби әскерилерді дайындауға үлкен мән беріледі. Осы тұрғыда мектеп жасынан әскери өмірмен тәртіпке бейіндеу мүмкіндігі жоғары болуда. Кадет сыныбы болашақта әскери салада қызмет етуді мақсат еткен тұлғаларға алғашқы маңызды сатыға айналды. Қай сыныптан бастап қатысуға болады  6 сынып Өтінімді қалай беруге болады  М. Түймебаев ауылы, Алматинская көшесі 189А “N20 Орта Мектеп”, Мектеп әкімшілігіне келуіңіз
“Мектепке жол” акциясы - мектеп түлектері белсенділік танытуда
24
август
2022
“Мектепке жол” акциясы - мектеп түлектері белсенділік танытуда
 “Мектепке жол” акциясы - мектеп түлектері белсенділік танытуда  Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Білім күні қарсаңында қайырмыдылық акциясына қатысушылар көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға қол ұшын созуда. Олардың қатарында 2020 жылғы түлегіміз Қарлығаш Марғұланқызыда бар. Бүгінде Абай атындағы ҚазҰУ-де 3 курс студенті. Қарлығаш “Мектепке жол” акциясына қатысып көмек беру мақсатында мектепке келіп сөмке және қажетті құрал жабдықтарды табыстады.  Түлегімізге шын жүректен алғыс
Бүгін қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбаевтың күні!
10
август
2022
Бүгін қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбаевтың күні!
 Бүгін қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбаевтың күні! Абай мұрасы - халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық. Оның әділдік, адалдық, адамгершілік идеяларына негізделген, тағылымы мол шығармашылығы - қазақ әдебиетінің жауһары.   Сөзі - қазақтың бойтұмары, мұрасы – қазақтың қазынасына айналған Абай халқымызды Отан сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиеледі. Ал туған жерге деген құрмет жақыныңа көрсеткен қамқорлықтан бастау алады.  Баршамызға ортақ Абай күнімен сіздерді шын жүректен
1 сыныпқа қабылдау
29
июль
2022
1 сыныпқа қабылдау
 Ата-аналар назарына!  «№20 орта мектеп» МКМ-де  2022 жылдың 1 сәуір - 1 тамыз аралығында балаларды 1 сыныпқа қабылдау кезеңі өтіп жатыр. Яғни, 31 шілде құжат тапсырудың соңғы күні.  Өтінішті www.egov.kz сайты арқылы беруге болады.  Қажетті құжаттар: 1. Ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш; 2. Туу туралы куәлігінің көшірмесі; 3. 026/у - баланың денсаулық паспорты мен 063/у – екпе картасы; 4. ¾ өлшемдіндегі сурет - 2 дана.  Қабылдау 31 шілдеде аяқталатындығын ескертеміз.
Балалар көзімен - сурет салу байқауы
27
июль
2022
Балалар көзімен - сурет салу байқауы
Біздің мақсат - балалардың бойында патриоттық, мейрімділік, достық сезімдерін бақылап отырып, ой-өрістерін  кеңейтуге жағдай жасау.  Еліміздің табиғатын көрсете отырып,айналасындағы әсемдікті, эстетикалық талғамдары мен шығармашылық қабілеттеріне үлес қосу.  Балалардың табиғатты, айналасындағы қоршаған ортаны,  аялай білуге бағыттау, өзінің шығармашылығында көрсете білу. @aimagambetov  @sherraisa  @oqu_agartu_ministrligi  @bakytjan.zarina  @ilebilim  @ile_tany
2022 ЖЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
14
июль
2022
2022 ЖЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА
 2022 ЖЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ  13 ШІЛДЕ КҮНІ БАСТАЛЫП, 20 ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ  Құжаттарды қабылдау ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯЛАРЫ арқылы жүзеге асырылады. Шалғай аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін ЖОО-да виртуалдық қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді. Конкурсқа қатысуға келесі құжаттар қажет: -жеке куәлік; -ҰБТ сертификаты; -3х4 көлеміндегі фото;