02
октябрь
2021
Құттықтаймыз!
ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА!
Осындай ұстаздарымыздың бірегейі Молдақұлова Роза Баялықызы - ардагер ұстаз, бүгінгі күні зейнеткерлік демалыстағы ардақты әже.
Іле ауданының білім саласына өлшеусіз үлес қосқан ардақты жанға қандай мадақтау айтсақ та жарасады.
Жәпек батыр ауылындағы #4 орта мектепте химия-биология пәнінің мұғалімі болып бастаған Роза Баялықызы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі болып ұзақ жылдар абыройлы еңбек етті. Зейнетке шыққаннан кейін де өзінен кейінгі жас буынға білім саласында жинаған өмірлік тәжірибесімен бөлісуде. Бұл - жас ұстаздарға ерекше сенім сыйлайды.
