Математика пәні бірлестігінің онкүндігі
Ағымдағы жылдың 13-23 желтоқсан аралығында математика әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өткізілді. Біздің мақсат - білім алушылардың пәнді оқуға қызығушылығын арттыру, олардың жағымды эмоциясын тудыру, дербес қорытынды жасауға және жалпылауға негіздеу, күнделікті өмірде математика мәліметтерін қолдану немесе дәл ғылымдардың жұмбақ әлеміне кіре отырып, оқушылар ой-өрісі мен түсінігін байыту. Апталық аясында бірқатар іс-шаралар өткзіліп, белсенді қатысқан ұстаздар алғысқа бөленді.