Оқушыларға » Страница 9 » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Хабарландыру
12
март
2022
Хабарландыру
 “БІРЛІК” сурет сайысы  Біз білім алушыларымыздың креативті ойлауына ерекше мән береміз. Олардың ұсыныстарын орындау үшін жаңа бастамалар ұйымдастырамыз.   “20Орта Мектеп Парламенті” өзін-өзі басқару ұйымы "Өнер және мәдениет" фракциясының мүшесі Тұралы Жанболаттың  ұйымдастыруымен  8-9 сынып оқушылары арасында   “БІРЛІК” тақырыбында сурет сайысы өткізілетіндігін хабарлаймыз.  Іс-шара барысында әр қатысушы өз суретін таныстыруы қажет.   Сурет А4 форматында орындалу қажет.   Жұмыстар 17 наурызға
Құттықтаймыз!
10
март
2022
Құттықтаймыз!
Біз білім алушыларымыздың жеңістерін үнемі бөлісіп отырамыз. Олар әркез өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете біледі.  Аудандық “Айбергенов әлемі” атты әдеби-өнер бәйгесінің “Жүрегімнің лапылдаған отымен…” жас ақындар мүшәйрасы бағыты бойынша  Ә сынып оқушысы Тәшімова Меруерт қатысып, жүлделі  орын иегері атанды.  Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Акылова Жанар.  Білім алушымызбен ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз!  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
Оқуға құштар мектеп
07
март
2022
Оқуға құштар мектеп
Мектеп кітапханасы оқушылардың  бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында  "Оқуға құштар мектеп" жобасын жалғастыруда. Кітап оқу-сөздік қорын және оқушылардың жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.  Жобаның мақсаты - кітап оқуға шақыру ,әдеби шығармаларымызды насихаттау. Жоба барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай көркем әдебиеттер ұсынылуда. Бұл жолғы оқу сағаты Ә.Нүршайықовтың "Махаббат,қызық мол жылдар"романына арналды.   9 Ж сыныбының ең белсенді оқырмандары және Сахиева Сабина осы
Мың алғыс!
02
март
2022
Мың алғыс!
Мың алғыс!  Біз әркез білім алушыларымыздың бойына мейірімділік, адалдық, қамқорлық секілді асыл қасиеттерді бойларына сіңіруіне ерекше мән береміз. Сол мақсатта түрлі бағыттағы шараларды ұйымдастырамыз.  Көктемнің алғашқы мерекесіне орай, педагог ұйымдастырушы М. Бектеміс, Jas Sunqar оқушылар бірлестігі, “20Мектеп Парламенті” өзін-өзі басқару ұйымы көшбасшыларының ұйымдастаруымен округіміздегі ардагер ұстаздармен қарттарға алғыс айту шарасын өткізді.  Олардың адал еңбектері әрқашан жадымызда.
Қайырымдылық жәрмеңкесі
26
февраль
2022
Қайырымдылық жәрмеңкесі
Біз әркез оқушыларымыздың мейірімділік, адалдық, қамқорлық сияқты қасиеттерді меңгергенін қалаймыз. Сол мақсатта әртүрлі шараларды қолға аламыз.  Jas Sunqar оқушылар бірлестігі мен “20Мектеп Парламенті” Қамқорлық фракциясы көшбасшыларының ұйымдастыруымен “МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК” қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
Біздің мақтаныштар!
26
февраль
2022
Біздің мақтаныштар!
Біз білім алушыларымыздың патриоттық тәрбиесіне басымдық береміз. Олардың болашақта әскери саланың үздігі болатындығына сенімдіміз.  Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған облыстық “Жас мерген” турнирінде Іле ауданының атынан 9 “Ә” кадет сыныбы қарумен үздік өнер көрсетті.  Біз олармен әркез мақтанамыз!  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМ ектеп
Құттықтаймыз!
25
февраль
2022
Құттықтаймыз!
Бізді ұстаздарымызбен білім алушыларымыздың жетістіктері қуантады. Іле аудандық Мұқағали Мақатаев оқуларының "Көкірегімде жыр сәулесі маздайды..." номинациясына қатысып жүлделі 3-орынды иеленген 8"К" сынып оқушысы Төлебек Аринаны, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асамбекова Дарига Шатырбековнаны шын жүректен құттықтаймыз! 
БӘРІ МЕКТЕП ҮШІН!
20
февраль
2022
БӘРІ МЕКТЕП ҮШІН!
 Бәрі мектеп үшін! “20Мектеп Парламенті” экология және еңбек фракциясының жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Сахиева Ж., аталмыш фракция көшбасшысы 10 В сынып оқушысы Құрбаш Б. кезекті  көктемге көшет дайындау науқанын бастады. Жоба арқылы мектеп ауласына жаңа гүлдер отырғызылу жоспарлануда.   Мектебіміздің ұстаздары мен білім алушыларының жүйелі жұмысы нәтижесінде, оқу ордамыздың жайлы атмосферасы қалыптасты. Барлық қабаттар мен оқу кабинеттері, фойе, мектеп ауласына гүлдер отырғызылып,
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19
февраль
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Бізді білім алушыларымыздың жетістіктері қуантады. Олардың білім мен спортқа деген қызығушылығының жоғары болғандығын қалаймыз. Өскемен қаласында жасөспірімдер арасында ГРЕПЛИНГнен (AIGA версиясы) өткен Республикалық кубогында 70 кг салмақ дәрежесінде, 10 Б сынып оқушысы Лесбек Бекнұр  орын иегері атанды. Білім алушымызды құттықтаймыз!
ОБЛЫСҚА ЖОЛДАМА
18
февраль
2022
ОБЛЫСҚА ЖОЛДАМА
Біз әріптестеріміздің жетістіктерін әркез мақтан етеміз. Бұл үрдіс өз жалғасын табады. “2022 жыл - Балалар жылы” аясында Іле ауданындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында өткен “ВОЛЕЙБОЛ” спорттық ойын жарысында @20ortamektep директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Аскербекова белсенді қатысып, Құрмет грамотасына ие болды. Командасы Бас жүлдеге ие болып, облыстық жарысқа жолдама алды! Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз