Тіл - ел байлығы
Алматы облысы Іле ауданы "№ 20 орта мектеп" МКМ Қазақстан халқы тілдерінің айлығына арналған "Тіл-ел байлығы" атты 8сыныптар арасында эссе жазу байқауы өткізілді. Мақсаты: ана тілінде таза сөйлеуге, жазуға баулу; ой, ес, сезім,тіл жылдамдықтарын дамытып, бірліктерін нығайту; ана тілін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу. Тілдің меклекеттік мәртебесін қалыптастыруға, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін,елін сүйе білуге үйрететін бұл мерекелік байқауға 8-сынып оқушылары белсенді қатысты.