«Жаңартылған бағдарлама аясында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуы. » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жаңартылған бағдарлама аясында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуы.
08
ноябрь
2018

«Жаңартылған бағдарлама аясында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуы.

2018 жылдың 31 қазаны күні Іле ауданының №20 орта мектебінде «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» ұйымдастыруымен, білімнің жаңартылған мазмұны жағдайында ғылым мен практика байланысы арқылы өзара тәжірибе алмасу, кәсіби құзыреттілігін дамыту барысында«Жаңартылған бағдарлама аясында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқу өтті. «Өрлеу» «БАҰО» АҚ «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» оқытушылары, ғалымдар, Кенесбаев Серік Мұхтарұлы- п.ғ.д., профессор, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» директоры, Жиенбаева Сайра Нағашыбайқызы-Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті педагогика-психология институтының деканы, п.ғ.д., профессор, Тумаева Раушан Қабдолдақызы-Алматы облыстық әдістемелік кабинеттің әдіскері, Тұрғанбекова Гулзат Турғанбекқызы- Іле аудандық білім бөлімінің әдіскері, Сатова Ардақ Джарылгамысовна-Жамбыл аудандық білім бөлімінің әдіскері, Рахманбергенова Балнұр Абилхасымовна-Жамбыл ауданы «Ұлан» балабқшасының педагогіАуелғазина Т.К. – с.ғ.д., доцент, Валиева Майра Уалиевна – п.ғ.к., аға оқытушы, Сариев А.Ә, З.З.Асемжанова, М.Н.Мұхамадиева, Байузакова А. К, Самарканова А.А, Омарова Г.Ж, А.Н.Умирбекова PhD, Туралбаева А.Т, Фазлыева Г. К, Жиенбаева С.Н, Абзелова Г.Т, Смагулова Б.Б, Қарсыбаева А. Б және де білім беру ұйымдарының қызметкерлері, мектеп басшылары (директорлар, директордың оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары), бастауыш сынып мұғалімдері, мектепалды даярлық топ/сынып педагогтері қатыстырылды. Бұл облыстық педагогикалық оқу арқылы мектеп басшыларының, МАД және бастауыш білім беру мамандарының алдына «Мұғалімнің іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі» екенін шешуді талап етіп қойып отыр.

Педагогтық оқуға қатысушыларды тіркеу, қабылдап, қонақтарды қарсы алу Іле ауданы №20 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері: Б.Узбаева, А.Уримбаева, Б.Сұлтан, Ж.Бухаева, Т.Әскерова, А.Саттарларға міндеттелінді. Мектептің акт залындағы ашылуынан кейін келген қонақтар 5 секцияға бөлініп жұмыс жасады. 1- секция: «Білім беру үдерісін жаңарту жағдайында басқарудың инновациялық амалдары» бағыты бойынша

Ауелғазина Т.К. – с.ғ.д., доцент, Валиева Майра Уалиевна – п.ғ.к., аға оқытушы, Сариев А.Ә өткізді. 20 адам қатысты. 2- секция: ««Бастауыш білім беруде инновациялық технологияларды қолдану жолдары» бағыты бойынша

З.З.Асемжанова – секция жетекшісі, М.Н.Мұхамадиева, А.Н.Умирбекова PhD» жүргізді. 36 мұғалім қатысты. 3- секция: ««Бастауыш сыныпта пәндерді оқытуда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың ерекшеліктері» бағыты бойынша Секция жетекшісі: Байузакова А. К.

Самарканова А.А, Омарова Г.Ж» жүргізді. 21 адам қатысты. 4- секция: ««Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің ұйымдастырылуы» бағыты бойынша Туралбаева А.Т, Фазлыева Г. К. –секция жетекшісі, Қарсыбаева А. Б» жүргізді. 33 адам қатысты. 5- секция: ««Білім берудің жаңаруы жағдайындағы мектепалды даярлықта педагогикалық үдерісті ұйымдастыру» бағыты бойынша Жиенбаева С.Н, Абзелова Г.Т, Смагулова Б.Б» жүргізді. 10 адам қатысты.

Келген қатысушылармен секция бойынша жұмыс жасалып жатқан кезде «Өрлеу» «БАҰО» АҚ «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» оқытушысы, ғалым, ұйымның қызметкерлері Туралбаева А.Т №20 орта мектептің ұстаздарымен мастер класс өткізді.Өте жақсы, қызықты деңгейде өтті, ұстаздар біраз әдіс-тәсілдерді практика жүзінде үйреніп, жақсы әсер алды.

Әр секция бойынша келген ұстаздар өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алысты. Қорытынды кезінде барлық қатысушылар 1,2,3-ші дәрежелі дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен марапатталды. Ұйымдастырылған педагогикалық оқу жоғары, дәрежеде өтіп, келген қонақтар алғыстарын айтып кетті.



 

 

 

 

 

 
                       
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив