Жағымды жаңалық » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
январь
2019

Жағымды жаңалық


Жағымды жаңалық

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылы 7-9 қаңтар аралығында  Астана қаласында «№2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» ККМ базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбындағы республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізді. Мұғалімнің математика пәнінен тәжірибесі мен білімін жетілдіру, шығармашылдығы мен зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру –семинардың басты мақсаты болды. Сонымен қатар бастауыш мектеп  мұғалімдерінің жоғарғы деңгейдегі олимпиадаларға дайындау қабілетін жақсарту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында семинар аясында 8 қаңтар күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «ПедСтарт» математикалық олимпиада ұйымдастырылды. 



Аталған олимпиадаға Іле ауданы №20 орта мектебінен бастауыш сынып мұғалімдері Диканбаева Жанат Дакеновна II дәрежелі диплом, Суйеуова Гульмира Айтбаевна II дәрежелі диплом, Исаева Аягөз Алтынбековна III дәрежелі диплом, Алипова Меруерт Саматовна III дәрежелі диплом, Қашқымбай Бибіпәтима Бақтыбайқызы III дәрежелі диплом және әрқайсысы сертификаттарға ие болды. Біздің заманымызда қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмысайтын шығармашыл, қабілетті маман болуда аянбай қызмет жасап жүрген әріптестерімізге   әрқашан қанаттарың талмасын дегіміз келеді.

 №20 мектеп ұжымы

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив