Оқушыларға » Страница 11 » "№20 ОРТА МЕКТЕП" МКМ
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№20 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тек жақсылық ойлау керек!
25
январь
2022
Тек жақсылық ойлау керек!
 Қазіргі кезде негативті ойлау бәріміздің кемшіліктеріміздің бірі. Себебі негативті ойлаудың кесірінен өмір жолымызда қиындықтар болып тұрады. Біздің өмірімізде болатын оқиғалар, неше түрлі сәттер, жалпы болашағымыз тікелей біздің қалай ойлайтынымызға байланысты. Дәл осы негативті ойлаудың кесірінен бойымыздағы сенімділік, тұрақтылық және тағы да басқа асыл қасиеттер жойылып кетеді.  Негативті ойлауды міндетті түрде жою қажет, себебі негативті ойлау біздің алдағы күндерімізге, апта, ай
Ата-аналар мен білім алушылар назарына!
10
январь
2022
Ата-аналар мен білім алушылар назарына!
 Ата-аналар мен білім алушылар назарына!   30 желтоқсаннан мектеп оқушылары қысқы демалыста. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен қысқы демалыс   17 қаңтарға дейін ұзартылды.   Мектеп мұғалімдері каникул кезінде елді мекендегі жағдайға байланысты қашықтан немесе дәстүрлі форматта жұмыс істейді. #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
Әлем чемпионы атанды
02
январь
2022
Әлем чемпионы атанды
Біздің оқу ордамыздың  “А” сынып оқушысы Сымбат Айару Мәскеу қаласында өткен  ACBJJ WORLD OPEN CHAMPIONSHIP GI & NO - GI 2021 күрес бойынша Әлем чемпионатында үлкен салмақта екі дүркін Әлем чемпионы атанды.  Білім алушымызды шын жүректен құттықтаймыз  #АлматыОблысы #ІлеАуданы 
Жаңа жыл - әр бүлдіршіннің асыға күтетін жарқын сәті
28
декабрь
2021
Жаңа жыл - әр бүлдіршіннің асыға күтетін жарқын сәті
 Жаңа жыл - әр бүлдіршіннің асыға күтетін жарқын сәті. Әркез өз білім алушыларымызды қуантуға барымызды саламыз. Бұл үрдіс осы жылыда өз жалғасын тапты.  Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларымызға Аяз ата мен Ақшақар сыйлық үлестіріп, керемет көңіл-күй сыйлады.  “Мен үшін үлкен тосын сый болды. Қуаныштымын. Баршаңызды келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын”, дейді жас бүлдіршіндер.  Келе жатқан жаңа  жылдарыңызбен құттықтаймыз!  #АлматыОблысы
Математика пәні бірлестігінің онкүндігі
27
декабрь
2021
Математика пәні бірлестігінің онкүндігі
 Ағымдағы жылдың 13-23 желтоқсан аралығында математика әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өткізілді.  Біздің мақсат - білім алушылардың пәнді оқуға қызығушылығын арттыру, олардың жағымды эмоциясын тудыру, дербес қорытынды жасауға және жалпылауға негіздеу, күнделікті өмірде математика мәліметтерін қолдану немесе дәл ғылымдардың жұмбақ әлеміне кіре отырып, оқушылар ой-өрісі мен түсінігін байыту.   Апталық аясында бірқатар іс-шаралар өткзіліп, белсенді қатысқан ұстаздар алғысқа бөленді. 
Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен !
26
декабрь
2021
Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен !
 Жылды қорытындылайтын уақыт та жақындады. Сол сәтте, бір жылдағы сан түрлі оқиғаларды еске түсіре алмай әуре болатынымыз бар. Бірақ бұл күн сол сәтімен ерекше.   Мектебіміздің орталық фоесінде білім алушыларымызға жаңа жылдық көңіл күй сыйлау мақсатында шырша орнатылды.   Қазірде бұл жер - мектебіміздің ең көрнекті орнына айналды.   Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен !  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп
“Алау 2021”
10
декабрь
2021
“Алау 2021”
Біз - білім алушыларымыздың патриоттық тәрбиесіне баса назар аударамыз. Оларды Отансүйгіштікке, бауырмалдыққа тәрбиелеп, туған жеріне деген құрметінің жоғары болғандығын қалаймыз.  #20ОртаМектеп Жас сарбаздары аудандық “Алау 2021” жас кадеттер арасындағы жарыста жүлделі  орын мен  “ҮЗДІК АТУ ДАЙЫНДЫҒЫ” номинациясын жеңіп алды.   Жетекшілеріне үлкен алғыс білдіріп, патриоттық тәрбие саласындағы қызметтеріне табыс пен игілік тілейміз.  #АлматыОблысы #ІлеАуданы #20ОртаМектеп